Жұма, 03 мамыр, 05:42

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қоғамдық көлік қызметі бақылауда

06.04.2023

826 0

Қала әкімінің тапсырмасына сәйкес қоғамдық көлік тасымалдау қызметіне бақылау жүргізілді.

Қала тұрғындарының қоғамдық көлікке деген сұранысын қанағаттандыру және көлік қатынасын дамыту мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Осы жұмыстардың негізінде, бүгінде қоғамдық көлік қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан қойылатын сауалдардың саны азайған. Яғни, «Автобус паркі» ЖШС-інің жаңа автобустармен толығуының нәтижесінде қызмет көрсету ауқымы кеңейіп, қалаішілік 6 бағыттан 18 бағытқа артып отыр (1,3,11,12,14,15,17,18,19,20,22,25,28,29,31 және қосымша жүктелген «Ягодка» саяжайы бойынша қызмет көрсетуде).

Тексеру барысында аялдамаларда автобустарын күткен қала тұрғындары №10, 16 бағыттағы қоғамдық көліктердің уақытын сағат 20:00-ге дейін ұзартуды немесе үлкен сыйымдылықтағы автобуспен қамту қажеттігі туралы ұсыныстарын білдірді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: