Жексенбі, 26 мамыр, 21:02

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды

12.12.2022

978 0

Сурет ашық дереккөзден алынды

Биыл 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұл туралы ҚР Үкіметінің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты.

«Ауыл шаруашылығында биыл 21 млн тонна астық жиналды. Бұл соңғы 10 жылдағы ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру көлемі 2 есеге ұлғайтылды. 420 мың тонна жеңілдікті жанар-жағармай бөлінді. Ауыл шаруашылығы техникасына жеңілдікпен несие беру көлемі 145 млрд теңгеге дейін ұлғайтылды. 5,2 млн гектар ауыл шаруашылығы жерлері мемлекеттік меншікке қайтарылды. Келесі жылы қосымша 5 млн гектарды қайтару жоспарлануда», – деді Үкімет басшысы.

Әлихан Смайыловтың атап өтуінше, қазіргі уақытта агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау жүйесін реформалаудың нұсқасы әзірленді. Барлық өзгерістер фермерлер қауымдастығымен талқыланды. Субсидиялаудың мемлекеттік ашық ақпараттық жүйесі енгізілді.

«Шағын несиелеу есебінен ауыл халқының табысын арттыру жөніндегі жобаны іске асыру басталды. Оған келесі жылға әзірше 70 млрд теңге бөлінді. 5 жылдың ішінде осы жобаға 1 трлн теңге бағыттау жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 1 млн-нан астам ауыл тұрғындары қамтылады. Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке үй шаруашылықтың жартысы тартылады. 350 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады», – деді Премьер-Министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: