Жұма, 26 сәуiр, 13:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Шиеліде ауылшаруашылық кешені құрылады

16.08.2021

682 0

Шиелі ауданында индустриялдық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 3 жоба жүзеге асырылуда. Өңірлік картаға енгізілген жобалардың жалпы жобалық құны 24,8 млрд. теңгені құрайды. Бүгінде құрылыс жұмыстары басталып та кеткен. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шиелі ауданының әкімі Нариман Мақұлбеков аталған жобаларды жан-жақты талқылап, баяндап берді.

Соның бірі – «Тіn oris» ЖШС-нің «Жоғары сапалы пресстелген жоңышқа өндіру» жобасы. Аталған жоба үшін бүгінде ауданның индустриялды аймағынан 10 гектар жер берілген. Сондай-ақ, ауданда «Караганды Агро Инвест-Т» ЖШС-ның жобалық құны 20 млрд. 360 млн. теңгені құрайтын «Ауылшаруашылық кешенін құру» жобасы да қолға алынған.

«Кешен іске қосылған жағдайда 15 мың тонна көкөніс дақылдарын сақтауға арналған қойма, шырын өндірісі, көкөніс кептіру т.б. ауыл шаруашылық дақылдарын өңдеу мүмкін болмақ. Қазіргі таңда зауыт құрылысы үшін Жуантөбе ауылдық округінен 30 га жер телімі табысталды. Сонымен қатар аудандағы «Мөлдир и К» ТС-нің құс фермасын кеңейту жобасы да жүзеге асуда», – деді Н.Мақұлбеков.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: