Жұма, 29 наурыз, 18:51

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

16 метрлік аквариум жарылып, жақын маңды су басқан

17.12.2022

485 0

Берлинде Dom Aquarée қонақүйінде алып аквариум жарылып, жақын маңдағы көшені су басты, – деп хабарлайды Massaget.kz.

Құтқарушыларға қонақүйдегі төтенше жағдай туралы қоңырау 06:00 шамасында түскен. 16 метрлік аквариумнан аққан су дәмхананы басып, үстел мен орындықтарды сыртқа шығарып жіберген.

Неміс БАҚ мәліметінше, жақын маңдағы Карл-Либкнехт-Штрасседе судың көптігі сонша, көлік қозғалысын жабуға тура келген. Зардап шеккендер болуы мүмкін.

Аквариумның неліктен жарылғаны әзірге белгісіз. Басылымның мәліметінше, оның қатты зақымдалғаны сонша, оны жөндеу мүмкін емес.

Оқиға орнында 100-ге жуық жедел жәрдем қызметкері жұмыс істейді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: