Жұма, 26 сәуiр, 17:45

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Аватар: Су жолы» фильмі шектен тыс қобалжуға әкеледі. Көрермен жүрек талмасынан көз жұмған

19.12.2022

401 0

Үндістанда Педдапурам қаласында ер адам «Аватар: Су жолы» фильмін көріп, жүрек талмасынан о дүниеге аттанды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Үнді жігіті киносеанс ортасында өзін нашар сезініп, есінен танып қалды. Кинотеатрға бірге барған ағасы оны дереу ауруханаға апарғанымен, дәрігерлер оны аман сақтап қала алмады.

Сондай-ақ, 2010 жылы Тайваньда «Аватардың» бірінші бөлімін көрген ер адам да қайтыс болды. Көрермен сюжет барысында қатты қобалжып, кейіпкерлер үшін қатты уайымдағаны соншалық – оның жүрегі шыдамаған. Жүрегі әлсіз 42 жастағы тайваньдық көз жұмды. Дәрігердің айтуынша, фильмды көру барысында шектен тыс қобалжығаннан жүрек талмасы болған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: