Жұма, 03 мамыр, 04:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Brilliant Planet: Шөлге жан бітіру жолы

22.08.2023

237 0

Әлемді оң өзгеріске жетелейтін идея үнемі назарда болу қажет. Айналаға ізгілік сеуіп, бәрі адамзаттың қолында екенін көрсету– ғылымның негізгі міндеті. Сахарадағы шөлге жан бітіріп, табиғатты түлетуге бағытталған британдық Brilliant Planet жобасының негізгі мақсаты да осыдан туындайды. Жуырда ақпараттық агенттіктерде жарияланған қым-қуыт ақпар арасынан лондондық стартап көңіл аудартып, кеңінен талқылауға жетеледі.

CNN арнасының тілшісі Томас Пейдж әзірлеген бағдарламада Сахара шөлінде басталған Brilliant Planet жобасы сөз болады. Автордың мәліметін­ше, британдық ізденімпаздар Сахарадағы 6100 гек­тарды жалға алып, онда теңіз балдырын өсіруді қолға алған. Аталған бастама нәтиже берсе, өңірдің климаттық жайлылығын арттырып, шөлге көктің бітуіне жол ашылады.

«Теңіз балдыры атмосферадағы көмірқышқыл газын жұтып, оттегі бөлуде көш басында. Сондықтан мұндай стартапты Сахарада ұйым­дастыру үлкен өзгеріске әкеледі. Жобаның Марокконың Ахфенир аумағында орналасуы да тез нәтижеге жетуге мүмкіндік береді деген болжам бар. Себебі бұл маң Атлант мұхиты мен Сахара шөлінің қақ ортасында. Brilliant Planet жобасының директоры Адам Тейлордың айтуынша, компания теңіз балдырын өсірудің барлық сатысын жолға қоймақ. Тұқымнан бастап 12 000 шаршы метрге жуық аралықты алатын бассейнге егу жұмысы жүреді. Жоспар бойынша бір айда 16 бассейн теңіз балдыры өсіріелетін болады», – дейді автор.

Бұл жобаның ғажабы – теңіз балдырын өсіру емес, оның оттегісін ауаға тарату. Яғни, теңіз балдырлары дайын болғанда 10 этаждық мұнараның басына жіберіледі. Мұнара үстінен теңіз балдырының оттегісін шөл далаға себеді. Аталған жоба көп қаржыны талап етпейді әрі тиімділігі зор. Себебі БҰҰ мамандары 2100 жылға қарай ғаламдық жылынуды азайту үшін атмосферадан жүздеген тонна көмірқышқыл газын кетіруге тиіспіз. Ал Brilliant Planet секілді жоба – бірден-бір ұтымды әдіс болмақ.

«Бұған дейін АҚШ аталған жобаның баламалы түрін жүзеге асырған еді. Өйткені табиғатты қорғау ағаш отырғызу сынды дәстүрлі әдіспен шектелмейді. Оған қоса оның тиімділігі де шектеулі. Тейлордың сөзінше, Brilliant Planet жобасы, яғни теңіз балдырлары арқылы оттегі бөлу бастамасы орманға қарағанда көмірқышқыл газын 30 есе көп жұтады.

«Марокко климатын жақтаушы жастар» ұйы­мы да теңіз балдырын пайдалану экологияны жақсартудағы жаңа әрі ерекше технология деп баға берді. Алайда бұл өндірісті шектен тыс қолданысқа енгізу жерогілікті экожүйені бұзуы ықтимал деп те күдіктенетінін жасырмады», – дейді Томас Пейдж.

Дегенмен пилоттық жоба әлі де жалғаспақ. Жоспарға сәйкес, келер жылы 200 гектарға теңіз балдырын өсіріп, фермаға 1000 гектар қосу белгіленген. Нәтижесінде 300-ге жуық жұмыс орны ашылып, жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылатын болады.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Ерсін ШАМШАДАИН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: