Сенбі, 24 ақпан, 18:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№16 (2026)
24.02.2024
PDF мұрағаты

Google адамның әр қадамын аңдып, денсаулығын қадағалайтын сағат шығарды

10.10.2022

435 0

Google денсаулық және фитнес үшін пайдалы әрі ыңғайлы, жаңа дизайндағы алғашқы сағатын сатылымға шығарды, – деп хабарлайды aikyn.kz.Мүмкіндігі көп премиум смарт сағаттың ресми атауы – Google Pixel Watch. Тұтыну мерзімі ұзаққа арналған Pixel Watch денсаулықты бақылауға және іскерлік бағытта да қолдануға арналған. Бұл туралы 6 қазанда blog.google сайтында хабарлама жариялады.Бұл сағатқа қазірден тапсырыс беру ашылған. Wi-Fi-ды қолдайтын моделі 350 доллар, 4G желілерімен жұмыс істейтін нұсқасы 400 доллар тұрады. Аксессуар 14 қазаннан бастап сатылады.41 мм болат корпуста Gorilla Glass 5 қорғаныш әйнегі суға (50 метр тереңдікке дейін) және сызаттарға төзімді. Ол дөңгелек AMOLED дисплейімен жабдықталған.Тұнықтығы көрсетілмеген экран Always-On Display функциясын қолдайды. Wear OS by Google операциялық жүйесі орнатылған гаждет Exynos 9110 чипімен жұмыс істейді. 2 ГБ жедел жадымен және 32 ГБ ішкі жадымен біріктірілген, батареясы 24 сағатқа дейін пайдалануға мүмкіндік береді.Google Wallet арқылы контактісіз төлемдерге арналған NFC модулі бар, сондай-ақ музыка тыңдау үшін Pixel Buds сымсыз құлаққаптарын қосуға болады.Спорттық ұсыныстармен және музыкалық ағындық қызметтермен интеграцияға қолдау көрсетіледі. Сағаттың Fitbit жетістіктерін пайдаланатын денсаулық пен фитнес жаттығуларын бақылау функциялары бар.Google Pixel WatchGoogle Pixel Watch пен Pixel өнімдер тізбегі үйлесімді жұмыс істейді.Фото blog.google сайтынан алынғанPixel Watch америкалық Fitbit брендімен бірлесіп, жүректің соғу жиілігін, жұмсалған энергияны бақылап, мәліметтер береді.Машиналық оқыту технологиясының көмегімен сағат әр секунд сайын үздіксіз жүрек соғу жиілігін дәл өлшейді. Fitbit интерфейсі Google Pixel Watch үшін толығымен қайта жасақталған. Күні бойы спорттық жаттығулар мен адамның әрекеттерін қадағалауға болатын 40 режим қосылған. Қадамдар, GPS арқылы қашықтық және қайталау уақытын анықтайтын функциялары бар.Өнімді шығарған Google өзінің Pixel Watch сағатын тұтынушыларға таныс Pixel құрылғыларына тамаша қосымша екенін айтады. Fast Pair көмегімен Pixel Buds телефоныңызбен жұптасқан сағат автоматты түрде қосылады және қоңырау шалуға, қажет болса телефонға оңай ауысуға болады. Телефонда іске қосылған музыканы тыңдауға керек нұсқауларды сағаттан алу мүмкіндігі қарастырылған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: