Бейсенбі, 26 желтоқсан, 17:28

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Хакерлер 2022 жылы 1,7 млрд доллар ұрлаған

04.02.2023

601 0

Chainalysis аналитикалық фирмасының мәліметінше, Солтүстік Корея қолдау көр­сететін хакерлер 2022 жылы құны 1,7 миллиард доллар тұратын криптовалюта ұрлаған. Бұл криптовалютаны ұрлау бойынша бұрынғы ел рекордынан төрт есе көп. 2021 жылы бұл көрсеткіш 429 миллион долларды құраған еді. Мәліметке орай ВВС арнасының тілшісі Келли Нг «Криптовалюта ұрлығы» тақырыбында мақала жариялады.

Сарапшылардың айтуынша, қатаң санкцияларға тап болған Солтүстік Корея ядролық арсеналын қаржыландыру үшін криптовалюталарды ұрлауға бет бұрған. Жалпы Солтүстік Корея барлығы алты ядролық сынақ өткізді және сарапшылар биыл жетінші рет ядролық сынақ өткізеді деп болжап отыр. Өйткені ел көшбасшы Ким Чен Ынның басшылығымен ядролық қару бағдарламасы жеделдету жолға қойылған.

Өткен жылы Пхеньян рекордтық көлемде баллистикалық және басқа да зымырандарды ұшырған еді. Солтүстік Корея елдегі қиын экономикалық жағдайға қарамастан сынақты тоқтатар емес.

«Солтүстік Кореяның 2020 жылғы экс­портының жалпы көлемі 142 миллион долларды құрады. Сондықтан криптовалютаны ұрлау ел экономикасының маңызды бөлігін құрайды деп айту артық емес», – деп жазды Chainalysis сәрсенбіде жариялаған баяндамасында. Компания­ның мәліметінше, хакерлер әдетте крипто­валюталарды қаражаттың шығу тегін жасыру үшін әртүрлі пайдаланушылардың криптовалюталарын араластыру арқылы қолды етеді. Басқа сарапшылар сонымен қатар Солтүстік Корея ұрланған криптовалюталарды Қытайдағы брокерлер мен жеңілдетілген токендер арқылы ұрлап жатқанын айтуда.

Өткен айда ФБР Солтүстік Кореямен бай­ланысты «Лазарус» тобының өткен жылы «Horizon bridge» деп аталатын блокчейн желісінде 100 миллион долларлық криптовалюта ұрлығына қатысы бар екенін растады.

Жалпы, Chainalysis есебінде 2022 жылы ұрланған криптовалюталардың 82 проценттен астамын DeFi хаттамалары құрайтыны жазылған. DeFi – тұрақты табысқа жетіп жүрген криптовалютаның бір түрі. Оның үздік 5 хаттамасында жылдық кіріс көлемі 15-166 процент аралығында.

DeFi пайдаланушылары өз қаражаттарын пайда­ланған кезде оның кімге немесе қайда кеткенін біле алады. Себебі хаттамаларды басқара­тын смарт келісімшарт кодтары жалпыға ортақ. Бірақ бұл ашықтық сонымен қатар DeFi-ді хакерлерге ерекше тартымды етіп, оларға кодтарды сканерлеп, «байлыққа кенелуге» мүмкіндік беруде.

Halborn blockchain қауіпсіздік компаниясы­ның бас директоры Дэвид Швед DeFi компаниясы «өсуді бәрінен де жоғары қоятынын» және қауіпсіздік­ті арттырудың орнына қаражатты жиі сыйақыға аударылатынын айтты. Шведтің айтуынша, DeFi әзірлеушілері платформаларының қауіпсіздігін арттыру үшін дәстүрлі қаржы институттарынан үлгі ала алады.

«Мысалы, олар өздерінің хаттамаларын тек­серу үшін әртүрлі бұзу сценариін ұйымдастыра алады немесе күдікті әрекет анықталғанда  транзакцияларды тоқтату механизмдерін дайындай алады», – деді ол.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: