Сенбі, 27 сәуiр, 05:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылорда қаласының үздік ауласы анықталды

25.09.2022

696 0

«Қала күні» мерекесі аясында шаһарды жасыл-желекке айналдыру бағытындағы жұмыстарға өз үлестерін аянбай қосып келе жатқан қала тұрғындарын ынталандыру мақсатында «Үздік аулалар» байқауын ұйымдастыру дәстүрге айналған.


Бүгін аталған байқаудың жеңімпаздарын марапаттауға қала әкімінің орынбасары Ақзира Қасымова арнайы қатысып, аула бағбандарына қала әкімінің дипломын және қаржылай сыйақыларын табыстады.

Қызылорда шаһарының көркеюі мен таза болуы Сіздердей жандардың тынымсыз еңбектерінің арқасы. Қызылорда қаласын жасыл-желекке айналдыру бағытында туған қалаға қызмет ететін Өздеріңіздей жанашыр және белсенді азаматтар қатары арта берсін, – деді Ақзира Бақтыбайқызы.


Биыл бесінші мәрте өткізілген «Үздік аула» байқауына қатысуға 17 аула өтінім білдірді. Байқау үздіктерінің ішінен мүмкіндігі шектеулі жан екеніне қарамастан көгалдандыру ісін қолға алған «Сәулет» мөлтек ауданы №12 үйдің тұрғыны Нина Константиновнаның ауласы комиссия шешімімен басым дауысқа ие болып, жеңімпаз атанды. Ал ІІ орынды атасының бағбандық ісін жалғастырған Жаппасбай батыр көшесі 4 үй тұрғыны Сабина Сәбитқызы иемденсе, ІІІ орын көршілердің ауызбіршілігі үзілмеген «Ақмешіт» мөлтек ауданы №7 үй тұрғыны Мереке Серікболқызына, ІV орын зейнеттегі бос уақытын жұбайымен бірге көгалдандыру ісіне арнаған «Титов» шағын ауданы №30 үй тұрғыны Бисенбек Дүйсенбекұлына бұйырды.


Шара барысында Қызылорда қаласының тазалығын қамтамасыз етуде тынбай еңбек етіп жүрген тазалық қызметкерлері де марапатталып, қала әкімінің «Алғысы» мен қаржылай сыйақылары табысталды.


Айта кету керек, жеңімпаз атанған тұрғын үй ауласына «Үздік аула – 2022» тақтайшасы ілінді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: