Жұма, 23 ақпан, 06:07

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№15 (2025)
20.02.2024
PDF мұрағаты

II Елизавета жайлы ел білмейтін қандай деректер бар

11.09.2022

790 0

Кеше 97 жасына қараған шағында Ұлыбритания патшайымы II Елизавета өмірден озды. 70 жылдан астам уақыт бойы тақта отырған ағылшындардың патшайымы әйелге тән әдемілігі пен айрықша талғам иесі ретінде ел есінде қалғаны баршағам мәлім. Десе де есімі күллі әлемге аян патшайым жайлы бірқатар қызық деректерді көпшілік біле бермейді. Осы орайда KAZ.NUR.KZ Ұлыбританияның атақты патшайымы жайлы ақпаратты зерттеп, ең қызықты тұстарын назарға ұсынуды жөн көрді.

II Елизавета әкесі Георг VI өмірден өткен күні, 1952 жылдың 6 ақпанынан бастап патшайым тағына отырды. Патшайым үшін маңызды кезең оның әкесінің ағасы VIII Эдуард тақтан бас тартқан сәттен басталды. Ол тұста кішкентай II Елизавета бар-жоғы 10 жаста ғана болған. ІІ Елизаветаның есімін өз есімімен аттас келетін ананың атымен, соның құрметіне қойған. Патшайымның екінші аты – Александра болған. Бұл есімді оған өзінің үлкен әжесі, патшайым дүниеге келмей тұрып қойып кеткен. Ал жақындары ағылшын патшайымын Лилибет деп атаған. Бұл есіммен патшайымды бала күнінен атаған. Себебі балалар үшін Елизавета есімін айту қиынға соққан. Бүгінде Гарри ханзада өзінің қызына сүйікті әжесінің есімін қойған.

Ұлы патшайым туған күнін жылына екі рет атап өткен. II Елизаветаның дүниеге келген күн – 21 сәуірде ол өз туған күнін тойласа, маусым айының сенбісінде жыл сайын туған күніне арналған ауқымды шара өткен. Оған елдің кез келген азаматы барып қатыса алған. Көптеген жыл бойы патшайымды Норман Хартнелл мен Харди Эмис киіндірген. Ал 2007 жылдан бастап ІІ Елизавета Стюарт Парвин есімді стилиспен бірге жұмыс істеген. Ұлы ханшаның шляпаларына XVII ғасырдан бастап бас киім тігетін отбасылық шеберханада жұмыс істеген Рейчел Тревор-Морган жауапты болған. Аксессуарларына келер болсақ, мәртебелі патшайым ағылшындық Launer маркасын, оның ішінде – Diva және Traviata сөмкесінің үлгілерін таңдап келген. Атақты патшайының жасы 90-нан асса да ол үнемі ел алдына опа-далабын жағып, иіссуын сеуіп шығатын еді.

II Елизавета патшайымы өзінің жолдасы Филиппен жасы небары 13-те болғанда танысқан. Ол кезде Филипптің жасы 18-де болған екен. Сондай-ақ ол Дартмуттағы Патша әулетінің әскери-теңіз колледжінде оқу оқып жүрген. Содан бері екі жас бір-біріне ғашық болып, үнемі хат алмасып тұрған. Десе де патшайым таққа отырар алдында Филипп оның патша әулетін басқаруына қарсы болған. Сол кезде II Елизавета патшайым «сенің болашақ жарың емес, елдің патшайымы ретінде бұйырамын, егер батыл болсаң, шешіміңді өзгертпессің» деп батыл қадамға барып, онымен отау құрған. Алайда патша отбасында Филипп II Елизаветаның көзіне шөп салды деген қауесет тараған. Филипп бұл жаңалықты жоққа шығарумен болған.

II Елизавета көзі тірісінде «корга» тұқымды иттердің ұнатқан. Ол 97 жасына дейін 30 итті асыраған. Тек 2020 жылы ғана патшайымның Вулкан есімді иті өлген. Алайда патшайым бұл жылы сыйлыққа Лисси атты итті алған. Негізінен алғашқы корги итін оған әкесі Георг VI 18 жасқа толған туған күнінде сыйлаған.

Ұлыбритания патшайымы коктейль ішкенді де ұнатқан. Ол күннің әр шағында француздың дюбонне коктейлін, құрғақ джин мен мартини ішкен. Ал кейде бір үзім шоколад пен шараптан дәмдеген. Сол сияқты ұйықтар алдында патшайым бір бокал шампан ішкен.

Филипп пен ІІ Елизавета патшайымның тұңғыштары Чарльз үйленгеннен кейін, бір жылдан соң өмір есігін ашқан. Ал 1950 жылдың тамыз айында Анна ханшайым дүниеге келген, сосын патшайым үш жылдан кейін таққа отырған. Сөйтіп 1960 жылы үшінші ұлы – Эндрюді, ал төрт жылдан кейін кенже ұлы – Эдвардты дүниеге әкелген. Патша отбасына жақын адамдардың айтуынша, ІІ Елизавета мен балаларының қарым-қатынасы айтарлықтай жылы болмаған. Ханзада Чарльзтың өміржолында оның ата-анасы балаларына келгенде ұстамды болғанын, оларды өмір бойы бала күтушісі мен үй күтушілері баққаны туралы жазылған.

Ағылшын патшайымы мен Диана ханшайым туралы сан түрлі қауесет әңгіме тарағанымен, олар арасында жылы қатынас болған деседі. Диана ханшайым жол-көлік оқиғасында көз жұмғаннан кейін, бір жылдан соң II Елизавета трагедияға айтарлықтай мән бермегені үшін сынның астында қалған еді. Десе де патшайым Диананы жер қойнына тапсырар кезде, оны мақтап, өз ризашылығын білдірген екен. Елизавета патшайым туралы тағы мынадай қызықты деректер бар: Заң бойынша ағылшын патшайымы салық төлеуге міндетті емес. Алайда II Елизавета жыл сайын өз еркімен салық төлеп отырған. Ұлыбританияның тағы бір заңына сәйкес, патшайымға ешкімнің қолы тиюге болмайды екен. Алайда бұл заң орындалмады. Себебі патшайым көзі тірісінде бірнеше елдің басшыларымен ресми кездесу барысында қол алысып амандасқан. II Елизавета патшайымға күн сайын мыңдаған хаттар келген. Ол солардың ішінен кездейсоқ жолмен біразын таңдап, міндетті түрде жауап беретін болған. Ресейлік басылымның мәліметінше, ол 3 миллионнан астам хатқа жауап берген. Ұлыбританияда II Елизавета патшайым болған жылдары елде 12 премьер-министр, Ватиканда 7 Әулие Әке ауысқан. Ағылшын патшайымында білікті су құтқарушысы екендігін дәлелдейтін сертификат болған және ол суда жақсы жүзе білген. Сонымен бірге ол спорттық садақ атуды да жоғары деңгейде меңгерген. II Елизавета өз халқының алдында алғаш рет жасы небары 14-те болғанда сөз сөйлеген. Этикет ережесіне сәйкес, патшайымға ел алдына екі рет бір көйлекпен шығуға рұқсат берілмеген. Алайда II Елизавета бұған құлақ аспай, қатарынан екі рет осы заңды бұзған екен. Елизавета II өмір бойы тек белдемше киген, ол көзі тірісінде бар болғаны 3 рет қана шалбар киген. Патшайымға жақын адамдар егер ол қол сөмкесін бір қолынан екіншісіне ауыстыра бастаса, демек оның әңгімеген зауқы соқпай тұрғандығының белгісі деген. Алайда ол патша отбасына тән мәнер мен тәрбиеге сай, сұхбаттасушыға бұл жайлы айта алмайды екен. Ағылшын патшайымы тұрмысқа шыққан кезде, оның үстіндегі көйлегінің ауыр болғаны соншалық, ол онымен әрең жүрген. Елизавета II-нің төлқұжаты болмаған, себебі Біріккен патшалықта төлқұжат патшайымның атынан берілген.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: