Жексенбі, 08 желтоқсан, 15:29

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№97-2107
07.12.2024
PDF мұрағаты

Математика мұғалімі кәмелетке толмаған оқушыны зорлады

28.08.2023

727 0

АҚШ-та мұғалім кәмелетке толмаған оқушыны зорлағаны үшін қамауға алынды, – деп хабарлайды Law and Crime басылымы. 

Теннесси штатының Гамильтон округіндегі мектепте жұмыс істеген 28 жастағы Кейси МакГрат 18 тамызда қамауға алынды. Әйел математикадан сабақ беріп, волейбол жаттықтырушысының көмекшісі болып жұмыс істеді және мектептегі ең танымал мұғалімдердің бірі саналды.

21 жылғы қазанда Макграт «ай мұғалімі» марапатын алған. Жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында сабақтан кейін оқушылармен сөйлескенді ұнататынын айтқан. 

Көктемде МакГрат оқушыларының бірін зорламақ болды деген күдікке ілінді. Тергеу басталғаннан кейін ол мектептен шығарылды. Кейін оған кәмелетке толмаған баланы зорлады деген айып тағылды.

WTVC мәліметінше, істің мән-жайы айтылмайды, алайда қылмыс 2022 жылғы 1 мамырда жасалғаны, ал жәбірленуші 13 пен 18 жас аралығында екені белгілі.

Алғашқы сот отырысының күні әлі белгіленген жоқ. Теннесси заңы бойынша кәмелетке толмаған баланы зорлау екі жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: