Бейсенбі, 02 мамыр, 19:57

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қарулы топтардың оқушыларды ұрлауы жиілеген

08.03.2024

732 0

Фото: Н.Нұржаубай

7 наурызда қарулы адамдар 280-нен аса оқушыны ұрлаған. Куәгерлердің айтуынша, мотоциклге мінген қарулы адамдар мектептегі 8-15 жас арасындағы оқушылар мен мұғалімді алып кеткен. Оқиға Нигерияның солтүстік-батысындағы Курига қалашығында болған. Бұл туралы ВВС сайты хабарлады.

ВВС сайтының жазуынша, Курига қаласы қарайтын Кадуна штатының губернаторы Уба Сани оқушылардың ұрланғанын растаған.

Курига қаласындағы отбасылардың басым бөлігінің балалары ұрланғаны айтылады. Губернатор «барлық баланы босатамыз» деп мәлімдеген.

Нигерияның солтүстік-батысында қарулы топтардың ересектерді жаппай ұрлап әкетуі жиі болады. Бірақ оқушыларды ұрлауы азайған еді. Әдетте қарулы топтар сұраған ақшаларын алған соң ұрланғандарды босататын.

7 наурыздағы шабуыл «Ансару» террорлық тобының бақылауындағы аймақта болған.

2014 жылы Нигерияда «Боко Харам» террорлық тобы Чибок қаласындағы мектептен 200-ден аса қыз баланы ұрлап әкеткен еді.

Нигерияда қарулы топтар адам ұрлап, кейін сол үшін ақша табуға тырысады. 2022 жылы Нигерия ұрланған адам үшін ақша төлеуді қылмыс деп танитын заңды қабылдап, бұл елде дау туғызған. Ұрланған адамды босату үшін ақша бергендер 15 жылға сотталуы мүмкін. Бірақ әлі күнге дейін бұл заңмен ешкім жауапқа тартылмады. Әдетте елде туыстарын босату үшін көп адам ақша беруге дайын.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: