Бейсенбі, 26 желтоқсан, 09:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан 25 мың тонна балық өнімдерін экспорттайды

14.11.2022

676 0

ҚазАқпарат Елімізде жыл сайын 45 мың тонна балық ауланады. Бұл туралы Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев айтты.

«Қазақстанның табиғи су қоймаларында жыл сайын шамамен 40-45 мың тонна балық ауланады. Бұл көрсеткіш жыл сайын өсіп келеді. Сонымен қатар былтыр 15 мың тоннаға жуық балық өсірілді. Бұл 2017 жылғы деңгейден 5,5 есе жоғары», – деді С. Брекешев.

Оның айтуынша, Қазақстанға шамамен 41 мың тонна мұхит пен теңіз балық түрлері әкелінеді.

«Бұдан бөлек, 25 мың тоннаға жуық балық және балық өнімдері экспортталады. Оның негізгі үлесі терең өңделген өнім. Бұл ретте, отандық балық өнімдері әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті. Негізгі міндет – балықтың ішкі нарықтағы үлесін арттыру, сондай-ақ теңізде балық аулауды игеру әрі тауарлық балық өсіру шаруашылығын дамыту есебінен экспорттық әлеуетті одан әрі ұлғайту және біртіндеп импортты алмастыру», – деді министр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: