Бүгін облыстық мәслихаттың Экономика, әлеуметтік және құқықтық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтіп, отырысқа комиссия төрағасы, депутат Балжан Шәменова төрағалық етті. Оған облыстық мәслихат депутаттары және тиісті басқарма басшылары қатысты.
Алдымен күн тәртібінде «Қызылорда облысының қоғамдық даму басқармасы басшысының 2025 жылы атқарған жұмыстарының есебі туралы» мәселе қаралып, басқарма басшысы салада атқарылған жұмыстар мен бюджет қаржысының тиімді әрі мақсатты игерілуі туралы баяндады.
Мұнан соң, «Экологиялық мәдениетті дамытудың 2024-2029 жылдарға арналған «Таза Қазақстан» тұжырымдамасын» іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының өңірлік жоспарын бекіту туралы» облыстық мәслихаттың шешіміне өзгеріс енгізу бойынша облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғ.Еркебай хабарлама жасады.
Сонымен қатар, «2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есепті бекіту туралы» және «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 9 желтоқсандағы № 199 шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.
Аталған мәселе бойынша облыстық экономика және қаржы басқармасының басшысы С.Мырзабек хабарлама жасап, ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен күтілетін нәтижелеріне тоқталды.
Депутаттардың көтерген сұрақтарына басқарма басшысы мен тиісті сала мамандары тарапынан жауаптар беріліп, нақты ұсыныс-пікірлер ортаға салынды.
Отырыс соңында депутаттардың ұсыныс-пікірлері ескеріле отырып, күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысында қарау жөнінде қаулы қабылданды.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
