Бейсенбі, 28 наурыз, 18:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Қырғызстанда заңсыз жүрген бес бала елге қайтарылды

06.10.2022

401 0

Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті бес баланы елге қайтарды, деп хабарлайды Egemen.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еліміздің кәмелетке толмаған азаматтары Қырғызстанда заңсыз жүрген. 2022 жылдың басынан бері Қырғыз Республикасынан 3 қыз және 2 ұл елге қайтарылды.

«Балалардың құқықтарын қорғау комитеті балалардың мүддесі үшін ауқымды жұмыс атқарып жатыр. 2022 жылдың басынан бері Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті Қырғыз Республикасының аумағынан барлығы 5 кәмелетке толмаған баланы, соның ішінде 3 қыз және 2 ұл баланы елге қайтарды. 2011 жылы туған қыз Қырғызстанның Панфилов ауданында заңсыз болған. Қолда бар ақпаратқа сәйкес, баланың анасы көрші мемлекетке барып, қызын тәрбиелеуге тиісті құжаттарды ресімдемей, бейтаныс адамдарға тапсырған. Бала жақын туысының өтініші бойынша Қазақстанға қайтарылды. Сондай-ақ 2009 және 2011 жылдары туған әпкесі мен інісі Бішкекте болған. Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасының мемлекеттік органдары арқылы балаларды елге қайтару қажеттілігі туралы өтініш келіп түсті. Тағы бір жағдай 2010 және 2015 жылы туған ағасы мен қарындасы Қырғыз Республикасының Ош облысының Қара-Суй ауданында болған. Балалар туыстарында заңсыз болған және олар анасының өтініші бойынша елге қайтарылды», деді Оқу-ағарту вице-министрі Ғани Бейсембаев.

Іс-шара барысында кәмелетке толмағанның барлығы Алматы қаласындағы Балаларды қолдау орталығына жеткізілді. Қазіргі уақытта қолданыстағы заңнамаға сәйкес балаларды туыстарына беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: