Сенбі, 22 маусым, 04:30

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Сеулде қазақ ауылы пайда болды

18.10.2022

873 0

SputnikСеулдің дәл орталығында киіз үйлер орнатылды, деп хабарлайды 24.kz.Азиялық фестиваль Сеулдегі ең кап баратын орындардың бірі – Ханганг өзенінің жағасындағы Йоуидо саябағында өтті. Мұнда вьетнамдық және қазақстандық павильондар қойылды.

Үш күн бойы Оңтүстік Корея астанасының тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның көрікті жерлерімен танысып, киіз үйді аралап, Шымбұлаққа виртуалды саяхат жасайды. Оларды нағыз ауылда Кореядағы қазақ диаспорасының өкілдері қарсы алды.

Қонақтарға бауырсақпен шай ұсынды. Балалар қағаздан киіз үй жасап, «Шымбұлақта шаңғы теуіп», домбыра мен қобыздың үнін алғаш рет естіді. Ал кешке келушілер үшін «Тұран» ансамблі мен Әйгерім Әшімова өнер көрсетті. Биыл Астана мен Сеул арасындағы мәдениет жылы болып жарияланды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: