Жұма, 29 наурыз, 12:37

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Стамбұлға ағзасын ауыстыруға барған қазақстандық қамауға алынды

13.10.2022

496 0

Sputnik. Түркияда емделуге барған Қазақстан азаматы қамауға алынды. Бұл туралы брифингте Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлім етті. «Дипломаттарымыздан Түркияның құқық қорғау органдары біздің азаматты ұстағаны жайлы ақпарат түсті. Ол Түркияға ағзаны ауыстырып орналастыруға барған. Алдын ала мәлімет бойынша, оған жалған құжат жасады деген айып тағылған. Яғни, донорды туысы ретінде көрсеткен және ол мүлде басқа елдің азаматы болып шыққан. Сондықтан қазір қамауда отыр», – деді Смадияров.

Ол Қазақстан консулдығы бұл істі ерекше бақылауда ұстайтынын атап өтті. Қазір дипломаттар әйелді денсаулық жағдайына байланысты ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатуды сұрап жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: