Сенбі, 20 сәуiр, 02:59

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Тайландтағы трагедия

08.10.2022

549 0

Бейсенбіде Тайландтағы балабақшалардың біріне шабуыл жасалып, орта есеппен 34 адам қаза тапты. Олардың қатарында балалар да бар. Қайғылы оқиғаның хронологиясын CNN арнасы сағат сайын жаңартып, оқиға желісін баяндап отырды.

Бейсенбі күні Тайландтың солтүстік-шығысында балабақшада болған қанды қырғында қаза тапқан 34 адамның арасында кемінде 22 бала бар. Қайғылы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қандықол қылмыскерді іздестіруді бастаған. Полицияның сәйкестендіру жүйесі бойынша қылмыскер деп 34 жастағы бұрынғы құқық қорғау органының қызметкері танылды. Оның үстінен бұған дейін есірткі саудалағаны үшін іс қозғалып, бүгінде сот процесі жүріп жатыр.

Жергілікті полиция бастығы қылмыскердің екі жасар өгей баласы бейсенбі күні шабуыл жасалған балабақшаға тіркелген, бірақ шабуыл кезінде болмағанын хабарлады.

Кейінірек тергеушілер Таиландтағы қырғынға қатысы бар 34 жастағы күдіктінің өз өмірін қимас бұрын әйелі мен екі жасар баласын өлтіргенін растады. «Шабуыл жасаушы екі жасар ұлын іздеуге шыққан. Бірақ бала ол жерде болмады. Сондықтан ол кездескен адамға оқ атып, балабақшадағы адамдарды да пышақпен жарақаттаған», – деді полицияның өкілі, генерал Пайсан Лусомбун арнаға берген сұхбатында.

Жалпы Таиландтағы қару иелену деңгейі Оңтүстік-Шығыс Азиядағы басқа елдермен салыстырғанда салыс­тыр­­малы түрде жоғары. 2017 жылғы Швейцариялық атыс қаруын зерттеу (SAS) мәліметтері бойынша Таиландта бейбіт тұрғындарға тиесілі 10,3 миллионнан астам атыс қаруы немесе әрбір 100 адамда шамамен 15 қару болған. SAS мәліметтері бойынша, бұл қарудың шамамен 6,2 миллионы ғана заңды түрде тіркелген.

Вашингтон университетінің 2019 жаһандық аурулар­дың ауыртпалығы дерекқорындағы Денсаулықты бағалау институтының (IHME) мәліметтері бойынша, Таиланд Оңтүстік-Шығыс Азияда Филиппиннен кейін қарулы шабуыл ұйымдастыруда екінші орында.

Премьер-министр кеңсесінің жасаған мәлімдеме­сінде қайғылы оқиға Нонг Буа Ламфу провинциясының Утайсаван На Кланг қала­сындағы Балаларды дамыту орталығында орын алды. Елдің премьер-министрі қайғылы оқиғаға байланысты көңіл айтты. «Мен қаза болғандардың отбасыларының қайғыларына ортақтасып көңіл айтамын. Ұлттық полиция басшысына заңды тез арада орындауды және барлық мүдделі тараптарға шұғыл көмек көрсетуді, зардап шеккендерге оңалтуды тапсырдым», – деді Чанг-Очан.

«Күдікті өз баласын таппаған соң 24 бала бірге жат­қан бөлмеге кіріп үлгерген. Бөлмеде тек бір ғана бала аман қалған. Ол қарудан бөлек пышақпен балаларды да, орталықтағы қызметкерлерді де жарақаттаған», – деді генерал Лусомбун.

Генералдың айтуынша, қылмыскер бірнеше қару мен «ұзын пышақ» қолданған. Балабақшаға шабуыл жаса­ғаннан кейін күдікті үйіне оралып, әйелі мен 2 жасар өгей баласын өлтіріп, өз-өзіне қол жұмсаған. Лусомбунның айтуынша, ол үйіне қайтып бара жатқанда қасында тұрған бірнеше адамға да шабуыл жасаған.

«Ол орталықтан шығып, үйіне қайтып бара жатқан жол бойында көлігін бірнеше көлікке соққан және көлігін тоқтатып, өтіп бара жатқан адамдарды пышақтауға ұмтылған», – деді генерал.

Таиландтың солтүстік-шығысындағы балабақшада бол­ған қанды қырғында қаза тапқандар саны кешкілік уақытта 36 адамға жетті. Оның ішінде 24 бала мен бір жүкті әйел де бар. Корольдік Тайланд полициясының мәлімде­месіне сәйкес, кем дегенде тағы 10 адам жарақат алса, оның алтауының жарақатына «ауыр» деңгейі белгіленген.

«Бұл күйзелістің немесе есірткіден болатын галлюци­нацияның әсерінен болуы мүмкін. Біз қазір қанды талдау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз», – делінген полиция хабарламасында.

Сонымен қатар полиция қайтыс болғандардың көбі пышақ жарақатын алғанын айтты. Арнаға пікір берген құқық қорғаушылар қылмыскер шабуылды түскі тынығу уақытында жасағанын жеткізген.

Ал алдағы уақытта премьер-министр қайтыс болған­дар­дың отбасы мүшелерімен кездесуге баратынын жариялады. Одан бөлек Таиланд королі Маха Важиралонгкорн мен патшайым Сутида жұма күні Нонг Буа Ламфу провинциясындағы балалар орталығында бейсенбі күнгі қырғыннан зардап шеккендер мен олардың отбасыларымен кездесу үшін ауруханаға бармақ.

Америка Құрама Штаттары Таиландтағы балабақша­дағы қанды қырғынды «сұмдық» деп бағалап, елдегі зорлық-зомбылықты айыптады. Бұл туралы бейсенбі күні Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Джейк Салливан мәлімдеме жасады.

«АҚШ Таиландтың Нонг Ва Лам Пху провинция­сындағы балабақшадағы қайғылы оқиғаны күй­зеліспен қабылдады. Фотосуреттер жүректі ауыртады және біз жақындарынан айырылған отбасыларға қайғырып көңіл айтамыз. Біз бұл зорлық-зомбылық актісіне қар­сымыз және ұзақ уақыт бойы одақтасымыз Таиландқа қажет болған жағдайда көмектесуге дайынбыз», – деді Салливан.

Тайланд корольдік полициясы 17 маусымда шығарған бұйрықта шабуылдаушы Паня Камрабқа «ауыр тәртіп бұзушылық жасады» деген айып тағып, 20 қаңтарда полиция қызметінен уақытша шеттетілгенін айтты.

Камрабқа қатысты тергеу барысында оның үстінен есірткіні заңсыз сақтады деген айыппен қылмыстық іс қозғалғаны белгілі болды. Корольдік Тайланд полициясы сонымен бірге ол кейінірек яба және ICE (кристалды метамфетамин) есірткілерін қолданғанын мойындағанын айтты. Тінту кезінде полиция оның үйінен яба тапқан.

Яба – бұл метамфетамин мен кофеиннің қосындысынан жасалған, әдетте ұсақталып, ысталған дәрі. Таиландта оны «жындылар дәрісі» деп те атайды. Кейін оған 1 санаттағы есірткіні сақтады деген айып тағылды. Таиланд полициясы Камрабқа үкім жұма күні шығарылуы керек болғанын айтты.

Түпнұсқадан аударып, шолу жасаған

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: