Дүйсенбі, 06 мамыр, 17:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

Тарихтағы ең үлкен аллигаторды 7 сағатта қармаққа түсірген

31.08.2023

314 0

Миссисипи жабайы табиғат, балық шаруашылығы және саябақтар департаментінің мәліметі бойынша, бір топ аңшы Миссисипи тарихындағы ең үлкен аллигаторды ұстады. Бұл туралы  Apnews басылымы хабарлайды. 

Төрт штат тұрғындары Дональд Вудс, Уилл Томас, Джои Кларк және Таннер Уайт  Миссисипидің батысындағы өзеннен салмағы 802,5 фунт (364 келі) аллигаторды ұстады.

Осылайша, аңшылар ауланған аллигатордың ұзындығы бойынша рекорд жаңартты. Олар ұзындығы 14 фут 0,75 дюйм және салмағы 766,5 фунт аллигаторды қармаққа түсірді.

«Оны ұстау жеті сағатқа созылды. Аңшылар аллигаторды сегіз-тоғыз рет қармаққа түсіруге әрекет етті. Дональд Вудстың айтуынша, аллигатор аңшының қолындағы жабдықты тістеп, таяқтары мен катушкаларын сындырған», – деді New York Post.

Миссисипидегі аллигаторларды аулау маусымы жыл сайын тамыз айының соңғы жұмасында болады. Бұл жылы маусым 4 қыркүйекте аяқталады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: