Сенбі, 27 сәуiр, 06:18

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Енді елімізде сотталғандар жәрдемақы ала алады

17.03.2023

883 0

Қазақстанда  сотталып, түрмеде жазасын өтеп жатқан адамдарға 65 313 теңге көлемінде жәрдемақы беріледі деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Информбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Бұл жәрдемақы Сенат қабылдаған әлеуметтік кодексте қарастырылған.

Мемлекет төлейтін жәрдемақыны түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан кез келген сотталушы ала алады. Ол үшін қылмыстық атқару жүйесі мекемелерінде бірінші топтағы мүгедектерге күтім жасауы тиіс. Яғни, түрмеде қозғала алмайтын немесе жүріп-тұруы қиын сотталған мүгедек адамның күнделікті күтіміне жауапты болады. Сондай-ақ, ондай жеке көмекшілер міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандыру қызметімен қамтамасыз етіледі.

“Қазіргі күні 54 бірінші топтағы мүгедек сотталушы түрмеде жазасын өтеп жатыр. Бірінші топтағы мүгедектерге қызмет көрсететін 30 мыңға жуық жеке көмекші міндетті әлеуметтік және медициналық сақтандырумен қамтылады”, – деді Парламент Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: