Құрылтай

Сәрсенбі, 19 тамыз, 23:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№62 (2274)
18.08.2026
PDF мұрағаты

Мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс – Президент

01.09.2023

3835 0

Жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Елді газбен қамтамасыз ету де – өзекті мәселе. Тауарлы газдың ресурстық базасын кеңейту – Үкіметтің және ұлттық газ компаниясының басты міндеті. Жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысын тездету және қолданыстағы зауыттардың қуатын барынша пайдалану қажет. Еліміздегі «Теңіз», «Қашаған», «Қарашығанақ» сияқты мұнай-газ алпауыттары газды қолжетімді бағамен ұсынуға тиіс. Сонымен қатар, жаңа газ кеніштерін барлау және игеру үшін инвестиция тарту аса маңызды», – деп мәлім етті Президент.

Айта кетейік, дәл қазір Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауын жариялап жатыр.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: