Жұма, 27 желтоқсан, 04:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қанттан кейін сүт…

23.07.2022

1253 0

Қымбат баға ызғары сүтке де соқпай кетпеді. Жыл басынан бері сүт бағасы 22 процентке қымбаттаған. Сарапшылар мұны өндірістің қысқаруымен байланыс­ты­­рады. Ресми дерек көздеріне сүйенсек, 2022 жылғы қаңтар-мамыр айларын­да өңделген сүт пен кілегей өнді­рісі 235,3 мың тоннаны құрады, бұл бір жыл бұрынғыға қарағанда 7%-ке аз. Бұл 6 жылдық үздіксіз өсуден соң, көрсеткіштің төмендеуі екен. Сонымен қатар зерттеушілер сүт пен кілегей өндірісінің жартысы тек Солтүстік Қазақстан (75,7 мың тонна) және Алматы (44,2 мың тонна) облыстарына тиесілі екенін нақтылап отыр.

Сондай-ақ өндірістің айтарлықтай кө­лемі Ақмола (34,2 мың тонна) мен Қостанай облысында (28,5 мың тонна) байқалып отыр. Сарапшылар ішкі на­рықта өткізу көлемі 3,7%-ға, 192 мың тоннаға дейін қысқарғанын, ал экспорт екі есе дерлік, 5,6 мың тоннаға дейін төмендегенін айтады.

Осы жылдың бірінші тоқсанында шикі сүтті тұтыну жан басына шаққанда орташа есеппен 3,5 литрді құрады, бұл 2021 жылдың сәйкес кезеңімен салыс­тырғанда 5%-ға аз.

Республикалық «Егемен Қазақстан» газеті алдағы уақыт­та елдегі сүт зауыт­тарының жабылуы мүмкін екенін жазды. Мақалада сүт бағасы­ның қымбаттауының бір себебі Ресей­ден әкелінетін қаптамалардың қымбат­тағанынан екені айтылған. Жыл басынан бері сүт қаптамасы 135 процентке, шыны мен пластик қақпақтан тұратын қаймақ пакетінің бағасы 100 процентке қымбаттаған. Дәл қазіргі күні отандық сүт өндірушілер мемлекет қолдауын қажет етіп отыр. Әйтпесе сүт зауыттары жабылуы мүмкін. Енді қаптамадағы сүт бағасы қымбаттай берсе, қолдың сүті сұранысқа ие болатыны сөзсіз.

Гүлмира ДІЛДӘБЕКОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: