Дүйсенбі, 06 мамыр, 10:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35 — 2045
04.05.2024
PDF мұрағаты

«Әйеліме көмектеспегеніме өкінемін»: Дәурен Айдарқұлов

01.07.2023

1122 0

Қазақстандық шоумен әрі актер Дәурен Айдарқұлов кезінде үй шаруасынан босамаған әйеліне көмектеспегеніне өкінетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

“Бірде әйелім өте дәмді етіп кешкі ас әзірледі. Әке-шешем, отбасымызбен тамақтанып алдық. Кешкі ас ішіп болған соң әйелім дастарханды жинастыра бастады. Оған қарап тым болмаса ыдыстарды реттеп көмектескім келді. Бірақ нәпсім: “Дәурен, тоқта! Отыр, мұның не? Есің дұрыс па? Сен еркек емессің бе? Әйелің өзі жинайды. Оның үстіне жаныңда әкең отыр. Мұныңды көрсе сені өкшеқұл деп ойлап қалады. Сондықтан тапжылмай отыр” деді. Сөйтіп мен жылдап отыра бердім. Бірақ мен намазға келіп, Ислам туралы оқып, пайғамбарымыздың өз әйеліне көмектескенін білгенде ер азаматтың әйеліне қолғабыс болуы қалыпты дүние екенін түсіндім. Әйеліңе көмектессең сен өкшеқұл емессің. Сол себепті егер жарыңа жанашырлық танытың келсе жәй ғана көмектес”, – дейді Дәурен Айдарқұлов. 

Актер еліміздегі ажырасу санын азайту мақсатында осындай бейнежазбалар түсіріп, әлеуметтік желіде өмірлік тәжірибесімен бөліседі. Алайда өнер иесінің бұл кеңесі желі қолданушыларының біріне ұнаса, енді біріне жақпады.

“Өте дұрыс айтасыз”, “Өткенге өкінбе, мойындаудың өзі ерлік”, “Өкініштісі, мұны уақытысында түсінбедіңіз”, “Жарайсың, Дәурен”, “Одан да бұрынғы әйеліңмен қайта қосылмайсың ба?”, “Соңғы кездері сізге бір жағдай әсер етіп жүр-ау”, – деп жазды желідегілер.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: