Дүйсенбі, 17 маусым, 12:38

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№47-2057
15.06.2024
PDF мұрағаты

Қазақстан кезең-кезеңмен цифрлық эфирлік телехабар таратуға көшіп жатыр

29.08.2022

555 0

Соңғы жылдары технологиялар шапшаң дамып жатыр, мұны әсіресе ақпарат жеткізудің жаңа әдістерінің енгізілуінен анық байқауға болады. 

«Қазтелерадио» акционерлік қоғамының жаңа заманға сай техникалық шешімдерінің арқасында 2018 жылдан бастап аналогты телевизия өшіріліп, цифрлық эфирлік хабар таратуға кезең-кезеңмен көшу басталды. Бүгін жоғары сапалы кескін және дыбыс беретін сигналдар Маңғыстау, Түркістан, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Алматы, Жетісу, Павлодар, Қостанай облыстарының, сондай-ақ елорда тұрғындары мен қонақтарына, Алматы және Шымкент көрермендеріне қолжетімді. Республиканың 92,43% жері ЦЭТВ-мен қамтылған.

Цифлық Эфирлік Телевизия дегеніміз не өзі? Жай сөзбен түсіндіретін болсақ, бұл – сигналды жеткізудің жаңа технологиясына көшу. Аналогты сигнал ауылдық жерлерге тек 2-3 арна жеткізетін, әрі ауа райы құбылыстарына төзімсіз болатын, сондықтан жиі-жиі дұрыс көрсетпейтін. 

Цифрлық эфирлік телевизия неғұрлым сапалы кескін мен дыбыс қабылдауға мүмкіндік береді, ең бастысы, трансляцияланатын арналардың санын бірнеше есе арттырып, облыс орталықтарында 30-ға дейін, тіпті ең шалғай аудандарда 15-ке жеткізді. Бұдан басқа, қазір абоненттерге түрлі сервистер қолжетімді, оның ішінде телебағдарлама, қаралатын телехабардың қысқаша сипаттамасы және т.б., бір сөзбен айтқанда, аналогты хабар таратудан цифрлық хабар таратуға көшу көрермендер үшін де, ұлттық оператор ретінде хабар тарататын «Қазтелерадио» АҚ үшін де алға басқан үлкен қадам.

Цифрлық Эфирлік Телевизия абоненті болу өте оңай, ол үшін теледидарға цифрлық сигнал қабылдайтын жалғама құрал мен дециметрлік антеннаны жалғасаңыз жеткілікті – сіздің алдыңызға керемет сапамен көрсетілетін отандық арналардың тізімі шығады. Айтпақшы, заманауи теледидарлардың көбінің ішіне цифрлық эфирлік сигнал қабылдағыш салынған, ол кез келген бағдараламаны жалғама құралсыз көруге мүмкіндік береді. Ең маңыздысы, цифрлық эфирлік ТВ топтамасындағы арналар су тегін таратылады.    

Сонымен, Цифрлық эфирліктТелевизияға көшу дегеніміз – республикалық маңызы бар қалалар мен облыстық орталықтарынан алыс тұратын болсаңыз да, сүйікті хабарларыңызды тегін әрі керемет сапамен  көру мүмкіндігі. 

Қалай қосылуға болатыны және жабдық сатып алу туралы толық ақпаратты www.tsetv.kz сайтынан, сондай-ақ, ұялы операторларға тегін 8 8000 800 193 нөмірі немесе 193 нөмірі арқылы ала аласыз. 

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: