Сәрсенбі, 25 желтоқсан, 20:10

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Салықты қалай аз төлеуге болады?

12.02.2022

1443 0

Әріптесім енді жалақысынан табыс салығын ұстамайтынын айтып қуанды. Қалай дерсіз? Бұл «Отбасы» банкіне ипотека төлейтіндерге қатысты. Салық кодексінің 349-бабына сәйкес несие бойынша проценттерді өтеу сомасына тең жалақы сомасына жеке табыс салығы салынбайды.

Ол үшін жұмыс беруші компанияға мынадай құжаттарды өткізу қажет:

– Қазақстан «Отбасы» банктік заем шартының көшірмесін;

– Өтеу кестесінің көшірмесін;

– Өтеуді растайтын құжат (төлем туралы түбіртек немесе «Отбасы» банкінен үзінді көшірме).

Айталық, бұл Салық кодексінде бұрыннан бар болғанымен көпшілік бұл жеңілдіктен бейхабар. Тағы бір айта кетерлігі, бұған дейін жеңілдіктер жөнінде білмеген жағдайда өтініш беру кезінде қарызды өтеген, алайда жеңілдікті қолданбаған кезеңді көрсету керек. Жұмыс беруші компания қайта есеп жүргізіп, айырманы қайтаруға міндетті.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: