Жексенбі, 28 сәуiр, 16:25

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

5 миллион несие алу үшін кепілдік болуы шарт

09.02.2023

823 0

2023 жылдың наурызынан бастап  кәсібін кеңейтуге ниетті жастарға 2,5%-бен несие беріледі. Қарыз көлемі 5 миллион теңге. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департмент директоры Асқар Ниязов несиенің өзге де талаптары мен шарттарын түсіндіріп берді деп хабарлайды  31-арнаның “Информбюро” бағдарламасы. 

Асқар Ниязовтың сөзінше, жеңілдетілген несиеге 21 мен 35 жас аралағындағы азаматтар үміткер бола алады. 

«Несие алу үшін жастарға қойылатын талап – жеке кәсіпкер ретінде тіркелу. Сонымен қатар кәсіпкерлік қызметі 5 жылға дейін болуы қажет. Шағын несие болғандықтан үміткердің кепілі болуы керек», – деп түсіндірді ол. 

Министрлік өкілінің айтуынша, жастардың кепілге қоятын мүлкі болмаса, өзге адамның мүлкін немесе көлігін иесінің келісімі арқылы кепілге қоя алады. 

«21 жастан азаматтарда кепілге қоятын мүлкі болмауы мүмкін екенін түсінеміз. Дегенмен бұл жастарға жеңілдетілген несие алуда кедергі болады деп ойламаймын. Мысалы, әкесінің көлігін кепілге қоя алады. Бұл үшін міндетті түрде мүлік иесінің келісімі болуы шарт», – дейді Асқар Ниязов. 

Несие барлық сала өкілдеріне және кез келген кәсіпкерлік бастамаға беріледі екен. 

«2023 жылға 5 796 шағын несие беру жоспарланып отыр. Ең жоғарғы мөлшері 5 миллион теңге және мерзімі 5 жылға дейін. Егер өтініш беруші несие алып, ауыл шаруашылығымен, мал өсірумен шұғылданғысы келсе, несие 7 жылға дейін берілуі мүмкін», – деп аяқтады. Асқар Ниязов.  

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: