Бейсенбі, 20 маусым, 21:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48-2058
18.06.2024
PDF мұрағаты

Басқарма басшысы шаруа қожалық иелерімен кездесті

27.07.2022

894 0

Ауыл шаруашылығы саласындағы негізгі мәселелерді талқылау мақсатында «Шопан Ата» Қазақстан Ұлттық мал өсірушілер қауымдастығының бастамасымен шаруалардың ортақ мәселесі талқыланды.
Жиында басқарма басшысы Талғат Дүйсебаев мал шаруашылығы саласындағы өзекті мәселелер бойынша фермерлердің ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Атап айтқанда, шаруа қожалықтары малдарының азығына жұмсалған шығындар құнын арзандатуға субсидияның бөлінбегені наразылық туғызды.
Айта кету керек, өткен жылы орын алған қуаңшылық зардабынан мал азығы дақылдарының өнімділігі төмендеп, шаруашылықтардың мал азығын дайындауда көптеген қиыншылықтар туғызды. Бұл өз кезегінде мал азығы дақылдары бағасының күнделікті қымбаттауына әкеліп, жем-шөптің құны 2 есеге қымбаттап кеткен болатын. Осыған сәйкес, ҚР Үкіметінің резервінен 1,9 млрд. теңге қаржы бөлініп, облыстың 1100 тауарөндірушілеріне төленді.
Биылғы жылы жергілікті бюджеттен мал шаруашылығын субсидиялауға 3,2 млрд. теңге қаржы бөлініп, бүгінгі күні субсидия төлеу жұмыстары жүргізілуде.
Бұдан бөлек, 2021 жылы күту парағына түскен өтінімдерге сәйкес республикалық бюджеттен қосымша 744,9 млн. теңге бөлініп, қаулыға өзгеріс енгізу жұмыстары жүргізіліп, тамыз айында субсидия төленетін болады.
ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Қағидасына сәйкес мал азығына кеткен шығындар құнын субсидиялауға қаржы тек жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі және жергілікті бюджеттің тиісті қаржы жылына көзделген қаражат шегінде субсидияларды беру тәртібі айқындалады.
Осыған сәйкес, биылғы жылы бюджет тапшылығына орай жем-шөпке қаржы бөлінбеді. Кездесу барысында тиісті түсіндірме берілді.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: