Бейсенбі, 02 мамыр, 23:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Бұршақты биожылытқыш

27.10.2022

919 0

Қала тұрғыны Жаңыл Иманқұлова бұршақты биожылтқыштың адам денсаулығына пайдасы мол екеніне көз жеткізді. Сосын ізденудің арқасында осы өнімді шығаруды қолға алды. Осылайша өз кәсібін бастап кеткен. Яғни, емдік қасиеті бар бұршақты биожылытқыш өнімін шығаруды қолға алды. Бұл өнім көпшілікке таңсық болуы мүмкін. Сондықтан да кәсіпкерден бұршақты биожылтқыш өнімінің емдік қасиетін сұрағанды жөн көрдік.

– Бұршақты қыздырғыш де­геніміз – шығыс медицинасын­да, Қытайда ерте заманнан бері қолданылып келеді. Оны қазіргі уақытта да қолданылады. Табиғи жылытқыштың пайдасы мол.  Мен оны өз тәжірибем­де сынап көрдім. Адамның бойында үш мыңнан аса нүкте болатын болса, соның ең маңызды өмір­лік жеті нүктесін қатты тітіркендіру арқылы сырттан және ішкі органдарға жылу беру арқылы емдейді. Әрбір адамның ауруының түпкі себебі суықтан болады. Жылу қуаты азайған кезде дене мүшелері ауыра бастайды. Егер де біз аурудың себебін іздеп, сонымен күресетін болсақ, сол кезде тез жеңеміз. Қазіргі техниканың заманында қозғалыс аз. Қоз­ғалыс кезінде ғана адамда қан айналым жақсарып, денсау­лығы нығая түседі. Адам ағза­сындағы жылу қуатын азайтып алмау керек. Бұған көмектесе алатын ем – табиғи бұршақты биожылтқыш. Осы­ған қатты қызығып, іздену арқылы жасалу жолын таптым. Бұл сырты қатты мақталы матадан жасалады екен. Мақта ауаны еркін өткізеді, ішіндегі бұршақтың дымқылданып кет­пеуіне көмектеседі. Матасы адамның денесіне жайлы. Матаны Алматы қаласынан, ал бұршақты Қытайдан алдыр­тамын. Бұл – «адзука» деп аталады. Адзуканың қасиеті та­биғи жылуын адамға беріп, суық­ты өзіне тартады.

Менен бұл өнімді тек массаж жасайтындар алып жатыр. Себебі емдік қасиетін олар жақсы біледі. Бұл құрал әрбір үйде болу керек деп ойлаймын. Әркім өзін-өзі емдеп алуға таптырмас дүние. Тез арада сауығып кетуіне көп көмегі тиеді. Сондықтан халыққа пайдасы тисе екен деген ниетпен, тапсырысты көбейтіп, кәсіпті үлкейтуді жоспарладым. Болашақта қарапайым тұрғындарға тиімді болатындай етіп, бағасын да арзан етіп жасағым келеді. Бұл емнің түп-тамыры қазақта да бар. Мәселен, ерте заманда медицина дамымаған уақытта суықтаған адам­дарды жаңа сойылған малдың терісіне орап, булаған. Бұл соның жаңартылған түрі десек те болады, – дейді Жаңыл Әбдіманапқызы.

Биожылытқыштың түр-түрі бар екен. Оларды микротолқынды пештерде жылытып алып, содан кейін денесіне жауып немесе аяғына киіп сол бұршаққа оранып жатады. Сол кезде суық тер шығады. Мұны қолданғаннан кейін жылы жүру керек.

Кәсіпкердің жұмысы жүйелі түрде дамуда.  Әрбір адам ісі өрге басқан кезде, оны тағы да өркендеткісі келеді. Жаңыл Әбдіманапқызының жұмысы бағаланып, тапсырыс та күннен-күнге көбеюде. Сондықтан да кәсіпті кеңейту мақсатында мем­лекеттен қайтарымсыз қаржы алу үшін ниеттеніп, бүгінде мемлекеттен қаржы алуға мүмкіндік туды.

Адал еңбек, төккен тер ақталмауы мүмкін емес. Алдағы уақытта кәсіпкер әрбір адамға пайдалы болатын бұр­шақты биожылытқыш өнімін көптеп шығаруды қолға алмақ.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: