Бейсенбі, 07 қараша, 12:40

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№88-2098
05.11.2024
PDF мұрағаты

«Даму» демеген кәсіпкер

29.11.2021

1127 0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев  «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты халыққа  Жолдауында «Кәсіпкерлікке қолдау көрсеткенде орта бизнеске де ерекше назар аудару керек. Өйткені нарықта табысты болудың негізгі көрсеткіші орта бизнестің өркендеуімен өлшенеді» деді. Шағын және орта кәсіпкерлік – елдегі жұмыссыздықты азайтудың, жеке тұлғалардың күнкөріс деңгейін арттырып, табысын молайтудың бірден-бір жолы. Мұнымен қоса, дамушы мемлекет үшін кәсіпкерлікті өрістету өркениетті елдермен иық тіресуге де мүмкіндік беретін сала. Сол себепті де мемлекет бұл салаға ерекше назар аударып отыр.

Мемлекеттен қолдау алып, кәсібін дамытып отырғандардың бірі – Жасұлан Маратжанұлы. Ол он жылдай уақыт Қызылордада пластикалық материалдарды сатумен айналысқан.

– Ең күрделі құрылымдарды жасауға пластикалық бұйым­дар ыңғайлы. Олардың сал­мағы жеңіл, икемді, корро­зияға ұшы­ра­майды және басқа мате­риалдардан жасал­ған ұқсас бұйымдармен са­лыстырғанда үнемді. Сол се­бепті пластикалық мате­риал­дарға назар аудардым, – деді Жасұланның өзі.

Кәсіпкердің бұл салада еңбек еткеніне он жылдан асқан. Ол пластикалық материалдарға есік-терезе шығаратындар тарапынан сұраныс жоғары екенін жеткізді.  Сондай-ақ ескі ғимараттарды қайта құру және тұрғын үйлерді салу кезінде де қолдануға қо­лайлы болғандықтан құрылыс компанияларынан да тапсырыс жоғары.

«Даму» демеген кәсіпкер

Жасұлан Маратжанұлы өт­кен жылы кәсібінің кеңеюі­не орай «Достық» жеке кәсіп­керінде тауар жет­кізу үшін қосымша жүк кө­ліктерін сатып алу қажеттігі туындағанын ай­тады. Осы ретте  «Даму» кәсіпкерлікті дамыту өңірлік қорынан кеңес алады. Биз­нес-идеяны несиелендіру үшін Еуразиялық банк арқылы Газ-330252 автокөлігін сатып алады. Кәсіпкерге авто­­көлікті сатып алу үшін «Биз­нестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағ­дарламасы бойын­ша жылдық 6 пайыздық мөл­шермен несие берілген.

«Жаңа жүк көлігін сатып алу тасымалдау шығындарын азайтуға және тауарды жеткізу­ден қосымша кіріс алуға мүм­кіндік берді. Сөздің шынын айту керек, бұл жолда «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры қолдау көрсетті», – деді Ж.Маратжанұлы.

А.АҚЫЛБЕК

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: