Бейсенбі, 18 сәуiр, 23:09

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

«Даму» қорының қолдауы

28.09.2021

935 0

«Аңсар-сервис» ЖШС нарықта 1999 жылдан бері жұмыс істейтін «Аңсар-сервис» ЖШС ғимараттар мен құрылыстар салып, қазандық жабдықтарын орнату және сервистік қызмет көрсету, желдету жүйелерін дайындау және монтаждау, қазандық жабдықтарына сорғылар мен қосалқы бөлшектер жеткізу, инженерлік желілерді салу және қызмет көрсету (су құбыры, жылыту, кәріз және т.б.), телекоммуникация жабдықтарын, БӨАжА, өрт сөндіру және дабыл жүйелерін монтаждау және баптау бойынша қызмет көрсетеді.

Компанияның құрылтайшысы және бас директоры Карпат Меңлібеков серіктестік «Даму» қорының қызметтерін тұрақты түрде пайдаланатынын айтты. «Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алғанда Қор «Бизнестің жол картасы 2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында несие сомасының 50 процент мөлшерінде бірнеше рет кепілдік берді. Сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігі субсидияланып, 6 процентке дейін азайтылды», – деді Карпат Жолмағамбетұлы .

Қазіргі кезде «Аңсар-сервис» ЖШС Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы бойынша үнемді, бағасы қолжетімді жылыту қазандықтарын, жабдықтарын, блокты-модуль қазандықтары, жылыту және ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жеткізушілердің бірі. Компанияның барлық ресурстары және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барлық түрін орындауға мүмкіндік беретін дамыған инфрақұрылымы, автокөлік құралдары мен арнайы техникалары бар. Негізгі тапсырыс берушілер – Қызылорда және Алматы қалаларындағы ірі мұнай компаниялары мен мекемелер, «Байқоңыр» ғарыш айлағындағы ресейлік кәсіпорындар. Компания өз кезегінде тапсырыс берушілердің нысанында жылдық сервистік қызмет көрсетіп, жабдыққа мониторинг жүргізумен де айналысады.

«Ақмешіт-ақпарат»

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: