Бейсенбі, 18 сәуiр, 09:12

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№30 (2040)
16.04.2024
PDF мұрағаты

Облыста кәсіпкерлердің саны 5,1 пайызға көбейді

21.01.2021

909 0

Облыста 48 657 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі бар. Оның 67 пайызы дара кәсіпкер, 21 пайызы шаруа қожалықтар, 12 пайызы заңды тұлғалар.

Өткен жылы Палата кеңесшілері 1785 кәсіпкерлік субъектісіне 1677 қызмет көрсетті. Оның ішінде: онлайн – 576 қызмет, офлайн-1209 қызмет. Мұнымен қоса, кеңесшілер 4075 тұлғаға 7664 кеңес берді. «Бизнес-мектеп» оқу курсын 801 тұлға оқып шықты. Оқыған қатысушылардың 54 жобасы жалпы сомасы 172 400 000 тенгеге қаржыландырылды.

«Бастау» жобасы өткен жылдан бастап онлайн өткізілуде. Жоба аясында Қызылорда облысы бойынша 2150 адамды оқыту жоспарланған болатын. Қорытындысымен 2181 азамат сертификат алды. Олардың 1966-сы «аяқтағаны туралы», 205-і «қатысқаны туралы». Жалпы сомасы 422,1 млн теңгені құрайтын 746 адамның жобасы қаржыландырылды. Карантиндік шектеулер кәсіпкерлік саласына да кері әсерін тигізді. Бірақ жағдайға тез бейімделіп, онлайн қызмет түрін жандандырғандар аз емес. Мәселен, тойхана иелері өз қызметін өзге салаға бағыттады. Бұл жұмыстар жалғасын тауып жатыр. Сондай-ақ, біз кәсіпкерлердің кедергісіз жұмыс жасауына, құқықтарының шектелмеуін назарда ұстаймыз. Былтыр кәсіпкерлердің жұмыс жасауына кедергі келтірген 11 лауазымды тұлға тәртіптік, 1-еуі әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықов.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша бүгінгі күні жобалық кеңсенің қарауында облыс бойынша жалпы сомасы 12,9 млрд. теңгені құрайтын 161 жоба бар. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 7,1 млрд.теңгені құрайтын 193 жоба субсидияланды. 2018 жылмен салыстырғанда 81 %-ға артты.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: