Дүйсенбі, 04 қараша, 06:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Қайтарымсыз қаржы кімдерге беріледі?

14.02.2023

694 0

Сурет ашық дереккөзден

Бүгінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау мақсатында мемлекеттік бағдарламалар өзін-өзі жұмыспен қамтыған жұртшылыққа дем беруде. Яғни «жұмыс жоқ» деп қол қусырып отыруға болмайды. Қалай да әрекет қылу керек.

Бүгінгі күн талабы бос отыруға мүмкіндік те бермесі анық. Жеке кәсібін ашып, екі қолға бір күрек табылса деп мақсат етіп отырғандар да бар. Биыл қайтарымсыз қаржы көлемі өсті. Яғни кәсіп ашқысы келетін жандарға 1 380 000 теңге беріледі. Ұлттық жобаның бірінші легі 20 ақпаннан басталады. Бұл қаржыға бизнес бастаудың бағдарын қалалық жұмыспен қамту орталығынан білген едік.

– Мемлекеттік грант – нысаналы мақсаты жаңа бизнесті іске қосу және дамыту үшін өтеусіз берілген бастапқы капитал. Қала бойынша бірінші лекте 95 адамға гранттар беру жоспарлануда. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады. Қайтарымсыз қаражат ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табыспен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Қайтарымсыз қаржыны алу үшін үміткер төмендегі әлеуметтік санаттардың бірінен болуы керек. Атап айтқанда, мүгедектігі бар адамдар, қолданыстағы «кандас» мәртебесі бар адамдар, өңіраралық қоныс аударушылар, аз қамтылған отбасы мүшелері, көпбалалы отбасы мүшесі, мүгедектігі бар баланы тәрбиелеп отырған  отбасы мүшесі, асыраушысынан айырылу бойынша жәрдемақы алушылар. Осы санатқа жататын азаматтар жұмыссыз немесе 3 жыл жеке кәсіпкер болуы шарт. Сонымен қатар үміткердің «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту туралы 3 жылдан аспайтын мерзімге сертификаты болуы тиіс, –  дейді қалалық жұмыспен қамту орталығының директоры Жақсылық Төлегенов.

Маманның сөзіне сүйенсек, грант алуға өтінімдерді қабылдау бірыңғай терезе – «Business.enbek.kz» порталы арқылы жүзе­ге асырылады. Өтінім беру үшін  порталда тіркелу, грант алу шарт­тарына сәйкестігіне тексеруден өту, бизнес-жоспар үлгісін жүктеп алып, оны толтыру және порталға енгізу, өтініш нысанын толтыру және ЭЦҚ кілтімен қол қою қажет.

Рәсімдердің ашықтығын қам­тамасыз ету, адами факторды азай­ту, өтініш берушілерге ыңғайлы болу үшін гранттар берудің бүкіл процесі электрондық форматқа ауыстырылды.

Қайтарымсыз қаржы өз кәсібін бастауға ынталы азаматтарға мем­лекет беріп отырған мол мүмкіндік. Халықтың әл ауқатын жақсартуды мақсат еткен  бағдарлама өз дәре­жесінде жүзеге асуы тиіс.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: