Бейсенбі, 25 сәуiр, 10:44

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

Қазақстанда құс өнімдері қымбаттауда

29.09.2022

614 0

Қазақстанның шығысында тауық еті күрт қымбаттауда, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасы.

Агроөнеркәсіптік аймақта тауық еті, жұмыртқа және өсімдік майының бағасы өсті. Жергілікті кәсіпкерлердің есептеулері бойынша, аз уақыт ішіндетауықтың сан еті құны орта есеппен 30%-ға өсті. Құс фабрикаларынан көтерме сатып алу қымбаттады.

Құс етін шығаратын фабрикада тауық еті 33%-ға қымбаттады.

Қазіргі экономикалық жағдайда құс фабрикаларына баға саясатын тұрақтандыру өте қиын. Елдің көптеген кәсіпорындары құстың жемшөп базасына түсетін бидай мен өсімдік майының бағасы күрт өсуіне наразы. Тауық еті бағасының 70% – ы жемшөп бағасына байланысты.

Бағаның күрт өсуін мамандар импорт тәуелдігілімен байланыстырады. Құс өсірушілер ішкі нарық қажеттілігінің 65%-ын жабады, жыл сайын 168 мыңын жақын және алыс шетелден жеткізеді. 

Қазақстанда 100 мың тоннадан астам құс еті АҚШ-тан келеді, ондаған мың тонна құс еті Беларусь пен Украинадан жеткізіледі.

Әкімдіктердің айтуынша, инфляцияға сай құс өнімдері де қымбаттайды.

“Бүгінгі күні жеткізу қызметі бойынша мәселе жоқ. Бірақ өткен айға қарағанда тауық еті 6%-ға қымбаттайды. Бұл шикізаттың өсуімен байланысты” – дейді Өскемен қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Ғасан Тұрғанбаев.

Сырттан әкелінген жемшөп пен шетелдік ветеринариялық препараттар қымбаттай түсуде. Алайда өткен жылмен салыстырғанда, сегменттегі импортқа тәуелділік 8%-ға төмендеді.

2025 жылға қарай ауыл шаруашылығы министрлігі құс өнімдері бойынша импортты толық алмастыру туралы мәлімдеме жасады. Қазақстанда бес құс фабрикасының құрылысы белгіленген. Бүгінгі таңда жұмыс істеп тұрған 30-ға жуығы құс етін өндіруге бағытталған.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: