Бейсенбі, 02 мамыр, 18:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Қорғаныс өнеркәсібі арнайы қор арқылы қаржыландырылады

01.09.2023

360 0

Парламент палаталарының бірлескен отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғанысы әлеуетін арттырудың жолдарын атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат .

«Тағы бір маңызды мәселе – қорғаныс-өнеркәсіп кешенін жан-жақты нығайту. Бұл мәселе дамыған мемлекеттерде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде шешуші рөл атқарады. Ең маңызды міндет – импортқа тәуелділікті төмендетуге мүмкіндік беретін, өзімізде шоғырлану үлесі жоғары өндіріс циклін құру», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы елдің армиясын жоғары технологиялық қару-жарақпен және әскери техникамен, оның ішінде беренді техникамен, ұшқышсыз ұшу аппараттарымен, заманауи атыс қаруымен қамтамасыз ету керектігін атап өтті.

«Техниканы жедел жөндеу бойынша өндірістік қуаттарды нығайтып, отандық кәсіпорындарды қолдауды күшейту қажет. Бізде тиісті материалдық-техникалық база, құзыреттер мен кадрлар бар. Оларға тиісті ведомстволардың тапсырыстары қажет. Қазіргі заманғы технологиялар трансфері және жаңа өндірістерді оқшаулау бағытындағы жұмысты жалғастыру қажет. Қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың арнайы қоры отандық кәсіпорындарды тікелей қаржылық қолдау тетігі болады», – деді Президент.

Мемлекет басшысы бұл жолғы Жолдауын «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» деген тақырыппен жариялап отыр.

Бұған дейін жазғанымыздай, Парламент палаталарының бірлескен отырысына депутат-министрлермен бірге еңбек адамдары да жиналды.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: