Жексенбі, 28 сәуiр, 13:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

Қызылордалық кәсіпкер лимон өсіруде

02.11.2022

546 0


Жылыжай өндірісін дамытуды қолға алған «Шапағат» жеке кәсіпкерлігі былтырдан бастап цитрусты жеміс өсіруде. Алғашында жылыжайға қияр, қызанақ еккен кәсіпкер кейін лимон жемісін өсіруді де жолға қояды. Бұл ретте оған белгілі агроном А. Тәжекеева көмектескен.
– Өзім лимон өсіруді көп зерттеп, зерделедім. Алдымен «Болашақ» оқу орнының жанындағы жылыжайға лимон егіп, оны жерсіндірдік. Бүгінде бұл цитрусты жемісті өсіріп баптауға патент алдым. Қазіргі таңда жылыжай ісін дамытуда кәсіпкерлерге бағыт-бағдар береміз. Оның ішінде осы лимон жемісін өсіруге ден қойып отырмыз. Мұның еш қиындығы жоқ. Қияр, қызанақтың арасына егуге болады. Еш кедергісіз өсе береді. 3 жыл көлемінде жемісін береді. Бұл жылыжайдағы лимоннның егілгені бір жылдан аса уақыт болды, – дейді агроном.
Сондай-ақ маман лимон ағашы алғашқы жылдары 10 кг жеміс берсе, 6-7 жыл шамасында 80 кг дейін өнім алуға болатынын айтады.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: