Сенбі, 04 мамыр, 03:55

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№34 — 2044
30.04.2024
PDF мұрағаты

Светлананың тоқыма бұйымы

18.10.2022

1278 0

Бүгінде өз кәсібін бастағандарға мемлекет қолдау жасауда. Қол қу­сырып қарап отырғанның емес, шын ниеттеніп әрекет жасағандарға қай жағынан қарасаң да мүмкіндік көп. Тек кәсіптің көзін тапсаң бол­ғаны.

Қызылорда қаласының тұрғыны Светлана Маханжанова ыңғайлы аяқкиім тоқумен айналысып, нәпақа­сын тауып отыр.

– Тоқыма тоқу үшін ептілік пен шыдамдылық керек. Тоқыма тоқу­ға бала кезден қызығатынмын. Қол­өнер әжемізден, анамнан бойыма дарыған. Олар тоқыма тоқудың нағыз шебері еді. Сондықтан болар маған да бұл өнер жақын болды. Сөйтіп, аяқкиім тоқуға қызыға түстім. Қажет жіпті Алматы қаласынан аламын. Қазіргі таңда үйден қосымша табыс тауып отырмын. Қолдан бұйым тоқу отбасындағы шаруа мен бала тәрбиесіне еш кедергі жасамайды. Тіпті үйден табыс табуға мүмкіндік. Алғашында жасаған бұйымдарды туыстарға сыйға беретінмін. Қазір сұраныс бар. Инстаграм желісінде парақша арқылы тапсырыс аламын, – дейді ол.

Тоқыма тоқуды жанына  жақын санаған Светлана инстаграмнан курс арқылы сөмке тоқуды да үйренген. Үйде отырып өз ісін дөңгелетіп отырған ана құрақ көрпеше, аяқкиім, сөмке және түрлі бұйымда да жасайды. Болашақта тоқыма шеберлігін шыңдап, өз кәсібінің көкжиегін кеңейтуді көздеуде.

– Оңай жерде жұмыс жоқ. Сондықтан үлкен кәсіп иесі болу үшін, мұндай қиындықтарға шыдау қажет. Мемлекет те жұмыссыз жандарға қолдау көрсетуде. Осындай мүмкіндікті пайдалана білген жөн. Шағын кәсіпті сәтті жүргізу үшін күнделікті тынбай еңбектену қажет. Бұған қоса, үнемі ізденіс үстінде жүріп білім алып, кәсіби деңгейін арттыруға ұмтылмаса барлығы зая кетеді. «Адамды көркейтетін – еңбек» дегенді естен шығарған емеспін. Аянбай еңбек етіп келемін. Тұрмысым да берекелі. Екі  қызым да мен секілді қолөнерді жақсы көреді. Тоқыма тоқуды, ұлттық бұйымдар жасауды үйреніп жүр. Қыздарым тігін тігудің, ас пісірудің нағыз маманы. Өнерім қыздарыма дарығанына қуаныштымын, – дейді ол. 

Еңбек бәрін де жеңбек. Бұл – Светлананың ұстанымы. Өзінің адал еңбегі бағаланып, мол табысқа кенелетініне сенеді. Осы мақсатта мемлекеттен қайтарымсыз қаржы алуға  талаптануда.

Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: