Дүйсенбі, 04 қараша, 04:24

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№87-2097
02.11.2024
PDF мұрағаты

Топ бизнестер топтамасы

10.09.2022

1120 0

Бүгінде өз кәсібін ашып, бизнесін дөңгелеткісі келетіндер қатары күн санап артуда. Дегенмен ойдан іске көшу де маңызды екені заңдылық. Осы орайда кәсіпке келгісі келетін, әр саланы саралап жүрген оқырмандарымыз үшін соңғы жылдары көш басында тұрған бизнес түрлерін ұсынамыз.

Капкейк – бұл жасалуына аз күш қажет ететін кішкентай кекстер. Кез келген адам бұл өнімді дайындай алады. Капкейк жасау үшін әр үйде бар ең көп таралған өнім: ұн, жұмыртқа, сүт немесе айран, сары май және қант қажет. Дегенмен өнімдер дәмді ғана емес, сонымен қатар әдемі болуы керек, сондықтан кекстер түрлі тәсілмен безендіріледі. Бүгінгі күні кекстерге мерекелер мен іс-шараларға, сондай-ақ олардың отбасы мен достарын қуанту үшін көптеп тапсырыс беріледі.

Жеміс-жидек дақылдарын құрғақ өнім ретінде өңдеу бизнесі өте қызықты. Кептірілген жемістер өндірісі технологиялық тұрғыдан ең оңай тамақ өндірісінің бірі. Мұндай бизнеске көп қаражат қажет емес. Кептірілген жеміс­терді сату дұрыс жасалған ин­вестиция арқылы өте тиімді және тез ақталатын бизнеске айналуы мүмкін. Бұл идея сауда саласында аз да болса тәжірибесі бар кәсіпкерге және азық-түлік өнімдерін сатуға рұқсат беретін сертификаттау мен құжаттарды алу жолын білетін адамдарға тиімді.

Тұрмыстық техниканы сапалы әрі жедел жөндеу бүгінде сұранысқа ие. Дағдарыс кезінде тұтынушылар қым­бат сатып алудан бас тартуға мәжбүр. Сол үшін де бұл қызметке деген қажетті­лік артуда. Негізгі тәуекелдер субъектив­ті фактормен байланысты. Мысалы, қыз­меткердің төмен біліктілігі мен жауапсыздығы, нақты және ойласты­рылған бизнес-жоспардың болмауы қиындық тудырады.

Қазіргі уақытта салауатты өмір салтына қатысты заттардың барлығы өзекті. Бұл тамақ жеткізуге де қа­тысты. Дайын пайдалы тағамдарды жеткізуге сұраныс күн сайын артуда. Адамдардың тамақ дайындауға уақыты жоқ, бірақ олар дәмді және пайдалы тамақтанғысы келеді. Сондықтан дайын пайдалы тағамдарды жеткізу қызметі бүгінде «трендте».

Дезинфекциялық қызмет биз­несі коронавирус пандемиясына байланысты өзектілігі артты. Тұрғындар үй-жайлар мен көшелерді жұқпалы аурулардың қоздырғыштарынан та­зартуды әдетке айналдырды. Ал бұл бағытта лицензиясыз да өз бизнесіңізді ашуға болады.

Кілемді өз бетімен тазалауды ұна­татындар аз. Себебі бұл өте ауыр жұмыс және жақсы нәтижеге жету қиын. Сондықтан кілем тазалау қызметтері әрқашан өз клиентін табатын сұранысқа ие бизнес. Оның ең тиімдісі – мұндай бизнесті ең аз бастапқы капиталмен бастауға болады, бірте-бірте клиенттік базаны көбейту мен кәсіби жабдықты сатып алу және қызмет көрсету аясын кеңейту мүмкіндігі бар.

Бизиборд – бұл мектеп жасына дейінгі балалардың көңілін көтеру және тәрбиелеу үшін қолданылатын дүние. Мұнда ажыратқыштар, есептеуіштер, құлыптар, шамдар секілді көптеген конфигурация мен конструкциясы бар ағаш тақта. Бизиборд ұсақ моториканы және зейінді дамытады. Әртүрлі реңктердің, пішіндердің арқасында бала қоршаған әлемді біледі, түстерді таниды, айырмашылықтарды табады. Балалар құрал-сайманмен ойнағанды  жақсы көреді. Сондықтан бизиборд ата-аналар үшін нағыз көмекшіге айналды.

Заманауи әлем ақпаратты электрон­ды түрде сақтауға дағдыланса да фотосуреттер әлі де басылуда. Көптеген адам үшін басып шығарылған суреттер экрандағыға қарағанда әлдеқайда жа­ғымды және сенімдірек. Бірақ бұрын қарапайым фотоальбомдар болса, қазір фотокітаптар танымалдылыққа ие. Бүгінгі таңда фотокітаптарды шығару сұранысқа ие. Ал бұл саладағы бизнес айтарлықтай тиімді. Себебі үйде отырып та бастауға болады.

Саңырауқұлақтарды өсіру және сату шағын қалалар үшін тиімді бизнес-идея. Өйткені бұл үлкен инвестицияны қажет етпейді. Бірақ шағын бизнестің бұл түрі физикалық күш салумен және уақыт шектеулерімен байланысты екенін түсіну керек. Саңырауқұлақ өсіру бизнес-идеясы жаңадан бастаған­дар үшін өте қолайлы. Мәселен, шам­пиньондар жыл бойы сұранысқа ие.

Бижутерия – зергерлік бұйым­дардың қымбат емес аналогы. Бірегей және қайталанбайтын қолдан жасалған зергерлік бұйымдар әрқашан барлық жастағы сатып алушының көңілінен шығады. Ал дүкенде тапсырыс бойынша өз қолымен жасалған бұйым­дай даралықты ерекше етіп көрсететін зат сирек кездеседі. Сондықтан зер­герлік бұйымдар жасау кәсіпкерге жақсы табыс әкеледі. Бұл бизнестің басты артықшылықтарының бірі – жоба­ны үйде жүзеге асыруға болады.

Аслан НҰРАЗҒАЛИ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: