Сенбі, 27 сәуiр, 14:16

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№33 – 2043
27.04.2024
PDF мұрағаты

«Үздік кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің байқауы өтті

06.10.2022

592 0

Қызылордада «Үздік кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің байқауы өтті.

Бүгінде жеке кәсіп ашып, нәпақа табамын дейтін жастар баршылық. Бірақ, бәрі бірдей бизнестің қыр-сырын біле бермейді. Осы орайда олардың қаржылық сауаттылықтарын артыру мақсатында білім ұяларында «кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні енгізілген болатын. Пән аясында Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Үздік кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәні мұғалімдерінің байқауы өтті.

Байқаудың мақсаты шығармашылықпен жұмыс жасайтын кәсіпкерлік және бизнес негіздері  пәнінің мұғалімдеріне қолдау көрсету және олардың кәсіби шығармашылығын анықтау. 

Бес кезеңнен тұратын байқау мұғалімдер жоғары дайындықпен келген. 

Кәсіпкерлік – бұл әрекет, тәжірибе арқылы оқып, қолдана білу. «Кәсіпкерлік және бизнес негіздері» пәнін игерген балалар тәуекелге баруға қорықпайды. Өйткені, бұл – тарих немесе математика емес. Көбіне стандартты емес шешімдер ұсынады, қиялға ерік береді. Пән мектеп оқушылары үшін өте қызықты, – дейді қалалық білім бөлмінің әдіскері Ғалия Ибрагимова. 

«Үздік кәсіпкерлік және бизнес негіздері пәні мұғалімі – 2022» байқауының қалалық кезеніңде жүлделі І орынды М.Дүйсенов атындағы №15 мектеп-лицейінің мұғалімі Күлшара Садуақасова, ІІ орынды Ә.Құдабаев атындағы  №197 орта мектептің мұғалімі Ұлбосын Жұмабекова иеленді. Ал, ІІІ орынға Ә.Мүслімов атындағы №101 ІТ мектеп-лицейінің мұғалімі Мақсат Байділдақызы пен С.Толыбеков атындағы № 3 ІТ мектеп-лицейнінің мұғалімі Ақбота Ерібай лайық деп танылды.

310580634_1219617248766381_4899558829925173509_n.jpg

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: