Бейсенбі, 28 наурыз, 17:06

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Ақындар құрылтайы

02.08.2022

734 0

Қызылордада облыстық мәдениет және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Ақын − елдің ардағы» атты айтыс ақындарының облыстық құрылтайы ұйымдастырылды. Жиынға басқарма басшысы Руслан Рүстемов қатысып, алдағы жұмыс жоспарымен бөліссе, айтыскер ақындар ұсыныстарын жеткізді.

− Қазір Сыр айтысы мектебінің шоқтығы биік. Бұл сөзіме бүгінде облыс­тық музей ішінен мәңгі тұғыр тұрағын тапқан «Алтын домбыра» дәлел. Бұл жетістікке тоқмейілсіп қалмай, біз бұдан әрі айтыс мектебінің дамуына жол ашуымыз керек.

Бұл ретте жасалуға тиісті шаралар тізбегі жеткілікті. Аудандардағы айтыс үйір­ме­лерінің өзара тығыз бай­ланысы, бүгінде жүйелі өткізілмей жзүрген облыстық айтыстарды қайта жүйелеу, алдыңғы буын ақындардың шеберлік сағаттарын жиі өткізу, жас шәкірттерді айтулы ақындардың ақын­дық лабораториясымен та­ныстыру, Сыр ақындарының таңдаулы айтыстарын жинақ қылу сынды шешімін күтіп жүрген жұмыстар бар.

Ең бір керекті дүние – ақындар үйірмесіне әдіс­те­ме­лік құрал. Яғни ақын­дық өнердің әліппесі, ай­тысқа бала тәрбиелеудің ал­ғашқы методикасы. Бұл республикада әлі жоқ. Мамыр Байментайұлының бұл бас­тамасы алдағы уақытта Нұрлыбек Машбекұлының үлкен қолдауымен шешімін табады деген сенімдеміз, − деп жазды басқарма басшы­сы Руслан Рүстемұлы өзі­нің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бүгінде Жүрсін Ерман басқаратын одақтың бас штабы Алматыдағы Алатау өнер театрында орналасса, ал аймақтық филиалдары елордада мен Шымкент қаласында. Одан бөлек Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қыз­мет етіп жатыр. Ал одақ­тың  Қызылордадағы филиа­лына Нұрмат Мансұр же­текшілік етеді. Басқосу ба­рысында айтыс ақындары осы филиалдың Қорқыт ата университетіндегі офис ор­талығымен танысты. Ал­да­ғы уақытта облыста салы­натын көпфункционалды «Өнер» орталығының жаңа ғимаратында осы филиалдың жұмыс жасайтын арнайы бұ­рышы болуы мүмкін.

Айта кетейік, облыс ақын­­дарының құрылтайын­да бір­қатар айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одақ құ­ра­мына өтті. Олардың қа­тарында әріптесіміз Тұрар Бекмырзаев та бар.

А.БІРКЕНОВ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: