Бейсенбі, 28 наурыз, 19:11

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№24(2034)
23.03.2024
PDF мұрағаты

Көктегі күндей, көктемгі гүлдей…

09.03.2023

533 0

Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Достық үйінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік кездесу болып өтті.

Кездесуге Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының басшысы Алмасбек Есмаханов, өңірлік Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері, этномәдени бірлестіктің жетекшілері және БАҚ өкілдері қатысты.

Шарада алғы сөз алған Алмасбек Әбілқасымұлы «Шұғылалы көктемнің алғашқы мерекесі – 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мейрамы құтты болсын! Ана қуанышы, әйел қуанышы – әр үйдің, отбасының, Отанның мерейі. Біздің қазіргі қоғамда әйел тек отбасының береке-бірлігін ойлайтын тұлға ғана емес, ол мемлекеттің өмірге және саяси мәселелерге белсене араласатын қоғам мүшесі. Қашаннан бергі дәстүріміз бойынша біз бұл күні Сіздерге – аналарымыз бен апа-қарындастарымызға, қыздарымызға ең ыстық құттықтауларымыз бен ең ізгі тілектерімізді жолдаймыз», – дей келе, нәзік жандылардың әрбір бастамаларына табыс тіледі.

Мерекелік басқосуда облыстық ҚХА ардагері Рахима Ахметова, татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галия Гизатуллина, Славяне этномәдени бірлестігінің жетекшісі Галина Щербакова, отставкадағы судья, «Құрметті судья» атағының иегері, облыстық медиаторлар кеңесінің мүшесі, медиатор Зина Жаңбыршаева сөз сөйлеп, барша нәзік жандыларға жүрекжарды лебіздерін жаудырды. Өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірімін төгіп жүрген Аналарға көрсетілген құрмет үшін ұйымдастырушыларға алғысын айтты.

Шара соңында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының жанындағы құрылымдарының жетекшілері мен мүшелері, этномәдени бірлестіктің жетекшілеріне мерекелік құттықтау хаттар және сыйлықтар табысталды.

«ҚОҒАМДЫҚ КЕЛІСІМ» КММ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: