Бейсенбі, 26 желтоқсан, 16:13

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№101 (2111)
24.12.2024
PDF мұрағаты

Қазақстандағы 5 лас қала

02.11.2024

938 0

Жыл басынан бергі деректер Қазақстандағы экологиялық жағдайдың күрделенгенін көрсететіндей. 70 елді мекеннің ішінде 5 қала өте жоғары ауа ластану деңгейіне жеткен болса, сонымен қатар су ресурстары да сын көтермейтін жағдайда. Тіптен кейбір су айдындарының тек өнеркәсіптік мақсаттарда ғана қолдануға жарамды екені анықталған.

5 бірдей қалада ауа өте қатты ластанған

Министрлік мәліме­тінше, алғашқы жарты­жылдықта Қазақстан Республикасының атмос­фералық ауасының сапа­сын бағалау қорытындысы бойынша елдегі бірқатар қалалардың экологиялық жағдайы алаңдаушылық туғызып отыр. 5 қала өте жоғары ластану деңгейіне, ал 21 елді мекен жоғары ластану деңгейіне жеткен. Айта кетейік, ауа сапасы жақсырақ 16 елді мекеннің қатарына Көкшетау, Степ­ногорск, Саран, Қордай және тағы басқа қалалар жатқызылған. Бұл аймақтарда экологиялық жағдай біршама жақсырақ екен. 28 қала мен елді мекен ластану деңгейі орташа деп танылыпты. Олар­дың ішінде Атырау, Ақтау, Шымкент, Жезқазған, Тараз сияқты ірі қалалар бар. Бұл аймақтарда атмосфералық ауа­ның сапасы салыстырмалы түрде тұрақты болғанымен, экологиялық мәселелер шешуді талап етеді.

Үшінші топқа ластану дең­гейі жоғары деп танылған 21 қала кіреді екен. Бұл қала­ларға Алматы, Өскемен, Темір­тау, Балқаш, Орал, Риддер, Сәтбаев, Павлодар, Петропавл, Қостанай, Түркістан және тағы басқа қалалар жатады. Ауа­ның ластануының жоғары дең­гейі өндірістік кәсіпорындар мен автокөліктерден шығатын газдармен тығыз байланысты. Мысалы, Алматыдағы көлік тығыз­дығы ауаның сапасына ай­тарлықтай әсер етіпті.

2024 жылдың алғашқы алты айында ең лас қалалар Қарағанды, Астана, Талғар, Ақтөбе және Ақсай болып танылды. Бұл қалаларда ауа­ның ластануы өте жоғары деңгейге жеткен. Әсіресе, Қарағанды мен Атырауда жағдай ерекше алаң­датарлық. Биыл Қарағандыда – 94 рет, Атырауда – 91 рет жоғары ластану оқиғасы тіркелген. «Мұндай көрсеткіштер көбінесе өндірістік ай­мақтардың көптігімен және өнер­кәсіптік шығарындылардың әсерімен байланысты», – делінген министрлік хабарламасында.

Тек өнеркәсіпке жарайтын 3 өзен

Министрліктің мәлі­метінше, 132 жерүсті су нысанында бақылау жүр­гі­зі­леді. Оның ішін­де өзендер, көлдер, су қоймалары бар екен. Су­дың сапасы 60 көрсеткіш бойынша тексеріледі. Со­ның ішінде температура, лас­тану деңгейі және ауыр металдардың болуы сияқты талаптар бар.

Жылдың алғашқы жарты­сында алынған су сапасы нәтижелері бойынша бірнеше санатқа бөлінді. Ең жақсы сапаға барлық мақсаттар үшін қолайлы Ертіс өзенінің суы іліккен болса, жақсы сапа ретінде шаруашылық және өнеркәсіпке жарамды Ертіс өзені анықталған. Балық өсіру, суару және өнеркәсіп үшін жарамды Талас, Аса, Шу, Іле өзен суының сапасы орташа деп тіркелсе, тек өнеркәсіпке жарамды Жайық өзені (Атырау облысы), Есіл өзені (Ақмола облысы), Сырдария (Қызылорда облысы) төмен сападағы су ретінде бағаланған.

Министрлік ұсынған бұл дерек­тер Қазақстандағы экологиялық жағдайдың ушығып келе жатқанын көрсетеді. Ауаның және судың лас­тануы тұрғындардың денсаулығына кері әсерін тигізіп, табиғи ресурс­тардың сапасын төмендетіп жатыр. Бұдан біз алдағы уақытта экологиялық проблемаларды шешу үшін мемлекеттік деңгейде кешенді шаралар қабылданып, тұрғындар арасында экологиялық сауат­тылықты арттыру аса маңызды екенін аңғарамыз. Экологияның қорғалуын қамтамасыз ету тек мемлекеттік орган­дардың ғана емес, әр азаматтың ортақ міндеті болуы тиіс.

Ең таза қала қандай?

«Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық ком­паниясы Экология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп жүргізіліп жатқан ғарыштық мониторинг деректеріне сай ең таза қаланы атап көрсеткен еді. Мәліметтерге сүйенсек, елдегі ең таза қала Ақтау деп аталды.

Спутниктердің көмегімен жерді жыл сайынғы қашықтан зондтау 1 наурыздан 30 қыр­күйекке дейін жүргізіледі. Мамандардың айтуынша, қалдықтарды тек жылы кезде табуға болады. Өйткені жерде қар болса, суреттер бақылауға жарамсыз болып қалады. Бірінші жартыжылдықта Қазақстанда 600-ден астам рұқ­сат етілмеген қоқыс орындары анықталған. Ғарыштық мониторинг деректеріне сүйенсек, Ақтау шаһарында тек 11 қоқыс орны табылған.

Ал рұқсат етілмеген қоқыс полигондарының көпшілігі Астана қаласының аумағынан анық­талды. Онда 206 жерде қалдық үйілген. Одан кейін Ұлытау, Ақмола облыстарында қоқыс көп.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: