Жексенбі, 26 мамыр, 20:34

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№41 – 2051
25.05.2024
PDF мұрағаты

Жаңа кітап оқырманға жол тартты

20.01.2024

160 0

Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері Қырымбек Көшербаевтың «Айналайын, Азаттық!» атты туындысының тұсауы кесілді.

Шараға облыстың зиялы қауым өкілдері, шығармашыл топ жетекшілері, еңбек адам­дары, ардагерлер, жастар, студенттер, ғалымдар мен бұқаралық ақпарат құрал­дарының өкілдері қатысты.

Кітаптың мазмұны жөнін­де облыстық мәслихат төра­ғасы, тарих ғылымдары­ның кандидаты Наурызбай Байқадамов, саяси ғылымдар докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Бақтиярұлы, Қорқыт ата атындағы Қызыл­орда уни­верситетінің ректоры Бейбіт­күл Кәрімова сөз алып, өз ойларын ортаға салды.

Шарада арнайы кітап көр­месі ұйымдастырылды. Көрмеге Елеу Көшербайұлы­ның, Айтбай Көшербайұлы­ның, Қырымбек Елеуұлы мен Жомарт Елеуұлының әр жылдары жарық көрген кітаптары, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақа­лалары қойылды. Тұсаукесер соңында келген қонақтарға автор кітабы таратылды.

М.Сағидатбекқызы

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: