Сәрсенбі, 02 шiлде, 01:36

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№48,2161
01.07.2025
PDF мұрағаты

Сәкен Шынымов, Мәдениет саласының үздігі, композитор, ұстаз: Балалар әндері бағымды ашты

03.06.2025

375 0

Бүгінде балалар әндеріне сұраныс жоғары. Себебі балақайлардың дүниетанымына лайық, сөздің мәтіні  жеңіл, түсінікті, әуені құлаққа жағымды, қызығушылық тудыратын  әндер саусақпен санарлық.  Бала қиялын шыңдайтын әсем ән туындысымен көпшіліктің көзайымына айналған композитор, көптеген балалар әнінің авторы, ұстаз Сәкен  Шынымовпен сұхбаттасудың сәті түсті

– Тылсым күшпен үндескен композитор болу кез келген адамға бұйырмаған бақ. Бұл өнерге қалай келдіңіз, ата тегіңізде талантты жандар бар ма?

– Бұл өнер маған нағашы жа­ғымнан келген деп ойлаймын. Менің шешем домбыра тартып ән салады, ал нағашы ағам Есен Көшербаев Қызылордадағы алғаш­қы музыкалық училищені ашқан адам. Нағашы ағам Ленинград институтының мәдени-ағарту факультетін бітірген. Мұнан соң Қызылорда қаласындағы педаго­гикалық коледжде, Н.Гоголь атын­дағы пединституттың музыка факультетінде сабақ берген.  Нағашыларымның сара жолын жал­ғастырып, мен де 1981 жылы музыкалық училищенің студенті атандым. Студент атанған сәттен өнер адамдарымен жақын жүргеннен болар, талантым ашылып, ән жазуға құштарлығым басталды. Білімімді тереңдету мақсатында 1990 жылы қаламыздағы пединституттың музыка факультетіне оқуға түстім.  Өнердегі алғашқы қадамым осы­лайша теориялық білімді терең­детумен жалғасты. Музыка­лық жағынан сауатты болу да композитордың қабілетін шыңдайды деп ойлаймын.

– Ұзақ жыл ұстаздық еттіңіз. Талантты шәкірттеріңіздің ара­сында жүзден жүйрік шығып, жүлделі орын алғандар бар болар? Кімдерден үміт күтесіз?

– Ең алғаш 1994 жылы студент кезімде байқауға қатысып, әндерімді орындаған әнші Гүлнұр Оразымбетова, Мөлдір Жарылқанова «Таңшолпан» облыстық байқауының жеңімпазы атанды. Мектеп,  колледждегі шәкірттерім түрлі ән байқауына қатысып, жүлделі  орын алды.  Қазір Ғани Мұратбаев атындағы №171 мектепте музыка жетекшісі қызметіндемін. Өнер дарыған әнші балаларды баулып жүрмін. Шәкірттерімнің арасынан келешекте талантты әншілер шығады деген ойлаймын. Әндерімді ютубқа жүктеп отырамын. Желі арқылы республика көлеміндегі мектептер, балабақшалар әндерімді таңдап, түрлі сайыстан жүлделі орын алып жүр.

– Жаңа ән өмірге келерде қандай сезімде боласыз?Ақындарға сөзді ән шыққаннан кейін жаздырасыз ба, әлде дайын мәтінге қарап ән шығарасыз ба?

– Әнге көңіл бөлмесең  өзінен-өзі шықпайды. Ән ойды, толғанысты, ізденісті талап етеді. Құлаққа жақ­сы әуеннің бір ғана қатары келуі мүмкін. Әрі қарай ойыңды қозғап, ізденіс пен толғаныс арқасында әнді толықтырасың. Мен соңғы кездері ақындардың ұнаған сөздеріне ән шығарып жүрмін. Кейбір өлең­дердің мағынасы мәтіні өзіне тар­тып, әнге сұранып тұрғандай әсер береді. Сондай сәтті пайдаланып, күйсандыққа отырамын да, қиял әлеміне саяхаттап кетемін.  Шабыт­тың жетегінде жаңа ән өмірге келеді.

– Балалар шығармашылығымен айналысатыныңыздан хабардармыз. Сол тақырыпқа жазылған қанша әніңіз бар? Туындыңыз жарық көрді ме?

– Балалаларға шығарған әндерімнің саны 45-тей. Балабақшада, мектепте балалардың орындайтын әні аз болғандықтан, зейінімді балалар әніне бұрдым. Фортепионада ойнап отырғанда түрлі әуен­дер ойға келеді. 7-8 жыл көлемінде балаларға арнаған әндерімді насихаттап, мектептерде ән кешімді өткізіп жүрмін. Екі рет 8 ауданның мектеп оқушыларының басын қосып, облыстық ән сайысын өткіздім. Асқар Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде бірнеше рет  шығармашылық  кешім өтті.

Балалардың репертуарындағы әндерім жыл сайын артып келеді. Мәселен «Жақсы көрем», «Татулықта күшіміз», «Ұстазым», «Атам келді», «Риза аға, апай да», «Тәрбиеші апай», «Мұғалім ол біздің», «Біз бақытты баламыз»  әндерін  балалар жиі орындайды.

– Жуырда  екі әніңіз Астанада өткен «Әншуақ» фестивалінде үздік ән қатарынан көрініп,  марапат алыпсыз. Фестивальде қандай әндеріңіз топ жарды? Тоқтала кетсеңіз…

– 2024 жылғы 28 қыркүйек пен 2025 жылғы 15 наурыз аралығында «QAZAQ» радиосының эфирінен «Әншуақтың» 23 радиохабары өтіп, әуе толқынында іріктеуден өткен 132 балалар әні орындалды. Нәтижесінде, апта сайын радиотыңдаушылардан жиналған дауыс көрсеткіші бойынша ең көп дауыс жинаған 38 талапкер жартылай финалға жолдама алды. 2025 жылғы 15 наурыз – 26 сәуір күндері аралығында «Әншуақ» республикалық радиофестивалінің жартылай финалының 15-айналымында іріктеуден өтіп келген 38 туынды тыңдаушы талқысына қайтадан ұсынылды. Дауыс беру көрсеткіші нәтижесінде ең көп дауыс жинаған талапкерден бастап, төмен қарай санағанда 20 қатысушы орындаған туындылар 2025 жылғы 30 сәуір күні арнайы «Көркемдік кеңес» сараптамасына ұсынылды. Сараптамада балалар әндері дауыс көрсеткішіне бай­ланысты емес, ережедегі талап бойынша туындының өзектілігіне, әуеніне, ән мәтініне, тәрбиелік мәніне қарай бағаланды. ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері, өнер және білім майталмандарынан құралған көркемдің кеңестің шешімімен лайық деп танылған 13 балалар әні гала-концертке шақырылып, арнайы жүлдемен марапатталды. Солардың қатарында ақын Р.Наурызбаеваның сөзіне жазылған «Татулықта күшіміз» әні мен М.Дауылбаевтың сөзіне жазылған «Жақсы көрем» әндері үздік деп танылып, оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың қолынан марапат алдым.  Бұл, әрине, шығармашылық адамы үшін шабыт сыйлайды. Балалар әндері бағымды ашты деп ойлаймын.

– Әңгімеңізге рахмет! Шығармашылық шабыт тілейміз.

Сұхбаттасқан  

Сәкен Шынымов, Мәдениет саласының үздігі, композитор, ұстаз: Балалар әндері бағымды ашты

Бүгінде балалар әндеріне сұраныс жоғары. Себебі балақайлардың дүниетанымына лайық, сөздің мәтіні  жеңіл, түсінікті, әуені құлаққа жағымды, қызығушылық тудыратын  әндер саусақпен санарлық.  Бала қиялын шыңдайтын әсем ән туындысымен көпшіліктің көзайымына айналған композитор, көптеген балалар әнінің авторы, ұстаз

Сәкен  Шынымовпен сұхбаттасудың сәті түсті

Сұхбаттасқан   Г.ҚОЖАХМЕТОВА  

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: