Сенбі, 18 мамыр, 11:32

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Академик сыныбы

04.05.2024

303 0

Сәкен Сейфуллин атындағы №4 IT мектеп-лицейінің 60 жылдық мерейтойына орай  мектептің үздік түлегі, әрі «Алтын медаль» иегері, отандық ғылым мен жоғары білім саласын дамытуға үлес қосқан Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Қылышбай Бисеновпен кездесу өтті.

Шараға облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Каримова және зиялы қауымдар мен ұстаздар қатысты. Онда ардагер-ұстаздың өнегелі еңбек жолын оқушыларға үлгі етті.

– Қазақта керемет сөз бар «бір жылыңды ойласаң, егін ек. Он жылыңды ойласаң, ағаш ек. Жүз жылыңды ойласаң, ұрпақ тәрбиеле» дегендей Қылышбай Бисенов ұрпақтың, баланың тәрбиесінде елдің, ғылымның дамуына зор үлес қосқан ардақты абзал азамат ретінде сыйлы, мемлекет және қоғам қайраткері – деді облыстық білім басқармасының басшысы Асқарбек Есжанов. 

Мұнан соң  Қорқыт ата атындағы Қызылорда универ­­ситетінің басқарма төрағасы-ректор Бейбіткүл Сәрсемханқызы ізгі лебізін жеткізді.

– Жаңа құрылған университеттің тұңғыш ректоры ретінде білім ордасын Сыр өңірінің әлеуметтік-экономикалық, индустриалды-инновациялық, рухани-мәдени дамуында өзіндік орны бар көпсалалы университетке айналдырды. «Қорқыт Ата университетінің Құрметті ректоры» атағының Қылышбай Алдабергенұлына берілуі – осы ерен еңбегінің лайықты бағасы. Білімге құштарлық, ғылыммен айналысу – оның өмірлік ұстанымы болды десек, анығын айтқанымыз. Тынымсыз ізденіске толы қажырлы еңбегінің нәтижесінде ассистенттен – профессорға, аспиранттан  –ғылым докторына дейінгі жолдан өтті. Ағамыз осы мектеп түлек­терінің арасынан шыққан тұңғыш ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, –деді ол.

Бүгінде Қылышбай Алдабергенұлы Қызылорда ашық университетін басқарып, еліміздің ғылымы мен жоғары білімін дамытудағы тағылымды жолын жалғастырып келеді. Мектеп оқушыларымен кездесу барысында олим­пиада жүлдегерлеріне оқу орнына білім грантына сертификат табысталды.

Іс-шара жаңа сыныптың ашылуымен жал­ғасты. Нақтырақ айтатын болсақ математика кабинетіне техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық Ғылым академиясының академигі, ҚР еңбек сіңірген қай­раткері Қылышбай Алдабергенұлы Бисеновтың есімі берілді.

Шараға келген Қызылорда ашық университетінің бі­рінші проректоры Жүнісов Абай Талғатұлы жаңа сыныптың ашылуымен құттықтап, олимпиада жеңімпаздарына 20 грант­тың берілгенін айтып өтті. 

Н.АЛТЫН

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: