Бейсенбі, 15 мамыр, 18:49

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№35,2148
13.05.2025
PDF мұрағаты

Теориямен тәжірибені тең ұстаған оқу орны

10.05.2025

39 0

Биыл елімізде  «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жарияланды. Бұл бастама жұмысшы мамандықтарының маңызын арттыруға, жастарды осы салаға тартуға және еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша білікті кадр даярлауға бағытталған.

Қызылорда қаласындағы Смағұл  Ысқақов атындағы құрылыс және бизнес колледжінің еңбек нарығының талабына сай  білікті, бәсекеге  қабілетті маман даярлауға атсалысып жатқан белгілі оқу орындары қатарында. Колледж директоры Әлия Досмаханованың айтуынша, еңбек адамының беделін көтеру, кәсіби білім беру және еңбек нарығына қажетті мамандықтар бойынша оқытуды жетілдіру алға қойған мақсаттың бірі.

– Тарихы терең оқу орны 1956 жылдан  бастап кәсіптік және техникалық  білім беріп, аймақтағы құрылыс сала­сының еңбек нарығындағы сұранысын қамтамасыз ететін, кәсіпорындардың, мекемелердің тапсырысына сай  жұмысшылар мен орта буын  кадрларын даярлап келеді.  Негізгі мақсат – ұлттық деңгейдегі шарттарға сәйкес білікті, бәсекеге қабілетті маман даярлау.  600 орындық оқу орнында  492 студент білім алуда. 2021 жылдан бастап  жеке кәсіпкер, меценат Сейітқали Алшынбаевтың  сенімгерлік басқаруында.

Теориямен тәжірибені тең ұстаған оқу орны

2022 жылы колледж ғимараты толығымен жөндеуден өтті. 2023 жылы қосымша құрылыс жұмысы жүргізіліп, 4 қабатты оқу-өндірістік шеберханамен жабдықталған жаңа оқу ғимараты салынды. Ғимарат базасында «Шебер маман» құзыреттілік орталығында «Тігін», «Тамақтануды ұйымдастыру», «Радиоэлектрондық құрал-жабдықтарды жөндеу», «Макеттеу», «Электр жабдықтарды техникалық күту және жөндеу» шеберханалары құрылды.  Сонымен қатар «Жиһаз өндірісі», «Дәнекерлеу ісі» мамандықтары бойынша 2 қабатты оқу-өндірістік шеберхана салынды. 2024 жылы колледж ауласынан 2 қабатты спорт кешені салынып пайдалануға берілді, – дейді Әлия Амангелдіқызы.

Колледжде 4 ма­мандық бойынша 178 сту­дентке дуальды оқы­ту енгізілген. Жиһаз өндірісіне – 44, дәнекерлеу ісіне – 19, тігін өндірісі мен киімдерді үлгі­­леуге – 50, электр жабдықтары­ның түрлері бойынша 65 студент білім алуда.

Айта кетейік, дуальды оқыту – кәсіптік білім берудің бір түрі.  Білім алу барысында уақыттың көп бөлігі жұмыс орнында өтеді. Жұмыс берушілермен келісімшарт жасалып, студенттер жұмыс істеген сағатына жалақы алады. Әлеуметтік жеңілдік жасалып,  ыстық тамақ, жол жүру ақысы төленеді.  Диплом алған соң кәсіпорынға жұмысқа орналасады.

– Осы бағытта колледжде «Тігін өндірісі және киімді модельдеу» бойынша «Dalatex» ЖШС,  «Тігін өндірісі»  бойынша «Ас-Ка» компаниясымен, дәнекерлеу ісі бойынша  «Тілеубаева»  ЖК, электр жабдықтары (түрлері мен салалары бойынша) – «КРЭК», «Жиһаз өндірісі» бойынша «Сыр Жиһазы» ЖШС, «Abusaif» ЖШС мекемесімен келісімшарт жасалды. Нәтижесінде  «Сыр жиһазы» ЖШС-де 44 студент өндірістік тәжірибеден өтті.  Сондай-ақ «Abusaif» ЖШС-те  бірқатар студенттер білім алумен қатар жұмыс істейді. Біз  студенттер үшін тиімді жағын ойластырып, өндірісте еңбек етудің тиімділігін тәжірибемен дәлелдеп отырмыз. Жұмысшы мамандығы­на ынталандырудың бір жолы осындай қадам деп ойлай­мын, – дейді колледж директоры.

Гауһар ҚОЖАХМЕТОВА

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: