Жұма, 17 мамыр, 11:39

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№38-2048
14.05.2024
PDF мұрағаты

Жұмыссыз жастарға жаңа жоба

20.02.2024

389 0

Сурет: azattyq-ruhy.kz

Елімізде жұмыссыз жастар үшін
«Zhas project» жобасы іске қосылады. Енді жастарға өз идеясын жүзеге асыру үшін миллион теңге көлемінде қаржы берілмек. Аталған бағдарламаны мәдениет және ақпарат министрлігі
жүзеге асырады.

Министрлік жанындағы жастар және отбасы істері комитетінің төрағасы Қайрат Қамбаров бағдарламаның уақытша жұмыссыз жүрген жастарға арналғанын айтады.
– 2022 жылдан бері жастарды жергілікті қоғамдастық қызметіне қайта тарту мақсатында «Zhas project» гранттық бағдарламасы іске асырылуда. Жоба өмірлік маңызды дағдыларды дамытуға және қоғам өміріне қатысуға, жеке тұлға мен әлеуметтік институттар арасында сенім орнатуға, әлеуметтік жобалардың тұрақты экономикалық моделін құруға бағытталған. Әлеуметтік маңызы бар бизнес-жобаларды оқыту мен іске асыру арқылы NEET санатындағы жастар оң және нәтижелі қызметке тартудың бірегей тәжірибесін алады. Бұл жобаға жұмыспен қамту және білім беру салаларынан тыс, уақытша жұмыссыз, білім беру ұйымдарында оқымайтын, кәсіптік даярлықтан немесе қайта даярлаудан өтпеген жастар қатыса алады, – деді комитет төрағасы.
«Zhas project» байқауына қатысушылардың жобасы жергілікті қоғамдастықтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге бағытталуы және 4 ай көлемінде іске асырылуы тиіс. Оны жүзеге асыруда жоба қатысушыларына білікті жаттықтырушыларды, тәлімгерлерді, психологтарды және әлеуметтік жобаларды іске асыру мамандарын тарта отырып, жастарға заңгерлік кеңес беру ұйымдастырылады.
Жобаны сапалы әрі тиімді жүзеге асыру үшін әр өңірде жобалық кеңсе ашылып, колл-орталықтар құрылған. Жастардың бизнес жобасын қабылдауға арнайы сайт ашылған. Сонымен бірге азаматтық бастамаларды қолдау орталығының сіsc.kz ресми сайтында арнайы «Zhas project» жобасы үшін әр өңірдің байланыс нөмірлері көрсетілген.
Жобаларға конкурстық негізде 1 миллион теңге шамасында 280 шағын грант бөлінген. Жоба еліміздің барлық өңірінде іске асырылады. Байқауға NEET санатындағы 18 бен 35 жас аралығындағы Қазақстан азаматтары қатыса алады. Сонымен қатар олардан өңірде тұрақты немесе уақытша тіркеуде тұруы, сондай-ақ уақытша жұмыссыз жастар мәртебесінің болуы талап етіледі.
Жалпы құны 360 миллион теңгені құраған жоба 25 наурызда жүзеге асады. Ал өтініш беру 24 сәуірде сағат 23:59-ға дейін қабылданады. Ал 15 мамырда интернет ресурстар мен әлеуметтік желілерде іріктеу нәтижесі жарияланса, қараша айында үздік жобалар анықталмақ.


А.ӘЛІМ

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: