Бейсенбі, 25 сәуiр, 14:26

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№32 (2042)
23.04.2024
PDF мұрағаты

«Адай» күйінің шығу тарихын білесіз бе?

01.03.2022

28852 0

Күй халықтың еркіндік жолындағы ерлік күреске толы ой-идеясын екпінді ұран түрінде беруге құрылған. Сондай күйдің бірі Құрманғазы Сағырбайұлының «Адай» күйі. Тарихы тым тереңде қалыптасқан бұл шы-ғарманы өткен ғасырдың 1934 жылы домбырашы Қали Жантілеуов орындады. 1935 жылы Лұхпан Мұхитовтың орындауында күйтабаққа жазылып, композитор Ахмет Жұбанов оркестрге түсіреді. Бүгінгі дейін өзгеріссіз орындалып келеді.

«Адай» күйінің екінші бір түрін өзінің домбырашылық орындау ерекшелігіне қарай кезінде Дина Нұрпейісова тартқан. «Адай» күйі бұрынғы ел батырларының намысын шыңдап, жігерін қайрайтын ұран болған. Ел аузында оның шығу тарихы былайша сипатталады.

Құрманғазы бірде келе жатып, қазақтың адай руының 300 жауынгеріне кездеседі. Сол жерде ол қазақтардың алда тұрған 2 мыңдай түрікменнің жауынгерлерімен соғысайын деп тұрғанын естіп, бұлар өздерінен бірнеше есе көп жауға қалай шабайын деп тұр? Қалай болар екен деп биікке, тауға шығып ұрыстың бағытын қарап тұрған. Бұл кезде қазақтың адамнан құрылған 300 жауынгер бір қатарға қатар тұрып, сосын аттарының құйрығына қойдың терісін (тулақ) байлап, қатар тұрған күйінде қаптап тұрған түрікмендерге қарсы шапқан. Түрікмендерге қатар шауып келе жатқан 300 адай аттардың сүйреген тулағынан үлкен шаң көтеріліп, оларға өте көп болып көрінген. Түрікмендер сасып, қорқып адайлар жақындағанда кейін қарай бытырай қашқан. Адайлар артынан қуып, жеткендерін құлатып, қырған. Бұны көріп тұрған Құрманғазы адайлардың тапқырлығына, батырлығына таң қалып, сол жерде «Адай» күйін шығарған екен. Адай күйін тыңдасаң жауға шапқан ержүрек батырлардың айқайы мен аттардың шапқан дүбірі естіледі.

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: