Танымал әнші Айқын Төлепберген бірінші жары Әселге қатысты сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Alash.kz.
Өнер иесі “Замандас” подкастында қонақ болып, жеке өмірінен сыр шертті.
“Бірінші әйелімнің тұрмысқа шығуына бастапқы жылда қарсы болдым. Өйткені балалар кішкентай еді. Бір кезеңнен өту керек болды. Балалар өскесін, жеке өміріңе де уақыт табылады деп шарт қойғаным рас. Қазір балалар өскесін, екінші рет тұрмысқа шығуға келісімімді бердім. Ара-қатынасымыз жақсы. Ол кісінің ақылдылығының арқасында осындай күнге жеттік. Өте дана әйел”, – деді әнші.
Одан кейін өнер иесі екінші рет үйленгені үшін сынға қалғанын жасырмады.
“Басында Жұлдыз екеуміз қосылғанда қатты хейт кетті. Қазір кішкене де болса азайды деп ойлаймын. Біз тоғыз жылдан кейін үйлену тойын жасадық. Содан кейін шығармашылығымыз да бір арнаға түсті. Дуэт әндер жаздық. Халық жеке шыққаннан гөрі, бірге ән шырқағанымызды қалайды. Тойға шақырады. “Жұлдызбен бірге шақырғымыз келеді, қанша болады” деп сұрайтындар бар. Кеше ғана жаңа жылдық түсірілімге қатыстық. Жеке ән айттым. Халық тек қол соқты. Ал Жұлдызбен бірге шыққанда халықтың ерекше ықыласын сездім”, – деді Айқын.
Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!