Аудан орталығында 5 шілде – Ұлттық домбыра күніне орай домбыра шеруі ұйымдастырылды.
Шараға ауданның өнерпаздары мен домбырашылары қатысып, ұлттық аспаптың мәртебесін ұлықтау мақсатында орталық көшелермен салтанатты шеру өткізді. Шеру барысында қатысушылар халқымыздың рухани мұрасы саналатын домбыраны дәріптеп, ұлттық өнердің құндылығын насихаттады.

Домбыра шеруі аудан тұрғындарына ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлап, ұлттық мәдениет пен дәстүрге деген құрметтің айқын көрінісіне айналды.




Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!
