Сенбі, 20 сәуiр, 04:19

  • Қаз
  • Qaz

Бізге жаңалық
жіберіңіз:

+7(702)932-52-25
Жаңа шығарылым
№31 (2041)
20.04.2024
PDF мұрағаты

Батумидегі бас бәйге

30.07.2022

897 0

Үміт ақталды! Қазақтың қаршадай қара баласы Грузия мемлекетінің Батуми қаласында өткен «Золотая волна» халықаралық байқауында бас жүлде иеленді. Бұл – талантты бала Ержігіт Сармырзаев.

Ол Тасбөгет кентіндегі №257 мектептің 6 сынып оқушысы. Осы уақытқа дейін Сабира Майқанова атындағы мәдениет үйінде түрлі үйірмелерге қатысып өнерін шыңдаған. Қазіргі таңда Асқар Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінің жанынан ашылған «Көркем өнер» үйірмесіне қатысады. 

Фестивалге жеті мемлекеттен көптеген өнерпаздар қатысып, өзара бақтарын сынады. Байқау вокал, көркемсөз оқу, би, ансамбльдер бойынша өткізілді. Өнер бәйгесіне Қазақстаннан он шақты өнерпаз қатысты. Солардың ішінен Ержігіт Сармырзаев топ жарып ел мерейін үстем етті.

Ол осы дарындылар сайысында алғашқы күні Важа Пшавеланың «Неге адам боп жаратылдым?» шығармасын ақын Ұлықбек Тәңірбергеновтің тәржі­малауында сахналады. Келесі күні сценарист, ақын Оңталап Нұрмақановтың «Менде жұлдыз боламын!» өлеңін оқып күллі қазақ  елінің атын әлем алдында асқақтатып, қазылар алқасының ең жоғары бағасын алды.

Айта кету керек, Ержігіт екі шығармасында Грузин тілінде оқыды. Осылайша Ержігіт тек Сыр өңірі ғана емес, қазақ елінің намысын қорғап келді. Ол – бірнеше мәрте халықаралық және республикалық ән байқауы, мәнерлеп оқу сайысының жүлдегері. Атап өтер болсақ, Түрік елінде өткен 12 мемлекеттен жиналған «Мен де жұлдыз боламын!» атты мегабайқауда І орын иеленіп, Болгария елінде өткен дүбірлі додада да дараланып көрінді.  

– Осы байқаудан жиырма күн бұрын маған келді. Сонымен уақыт тапшылығына қарамай баламен бірлесе дайындық жұмыстарын бастадық. Ержігіт өте алғыр, болашағы зор бала. Апаратын шығармамызды Грузин тіліне аудартып, екі күнде жаттап алды. Ол бұған дейін де біршама байқаулардың бас жүлдесін жеңіп алды. Еліміздің жарқын болашағы осындай жеткіншектермен тығыз байланысты. Өнер өміршеңдігі, мәдениет мәйегі жас дарындылармен жалғасын таба бермек, – дейді жетекшісі Эльмира Қожасқызы бізбен әңгімесінде.

Тұрар БЕКМЫРЗАЕВ     

 


 

Жылдам ақпарат алу үшін Facebook, Instagram желілері мен Telegram каналымызға жазылыңыз!

Тағы да оқыңыз: